Мазмұнға өту

Жаңа

Қазіргі Қазақстан экономикасы қандай?

Әлемдік нарықта көптеген елдер отандық өнімдерімен тауар алмасып отырады. Бүгінде әлемдік тауар алмасуда әртүрлі, дамуы мен мәртебе жағынан сан қилы елдер кездесіп жатады. Соның ішінде өнеркәсібі дамыған, жаңа индустриалды елдер қатары бар. Олар әрине, АҚШ, Германия, Жапония, Франция т.б. сияқты елдер болып табылады. Аталмыш нарықта Қазақстан Республикасының да алатын орны бар. Біздің еліміз бірнеше әлемдік ұйымдарға мүше болып табылады. Осындай деңгейде, отандық өнім шығаруда да, ел экономикасына оң өзгерістер әкелуде. Атап айтатын болсақ, мұнай мен газ, уран, тағам өнімдері, астық шаруашылығы және туризмдік бағытта. Қазақстанда нарық қашан пайда болды? Әрине, бұл сұраққа нақты жауап табу қиын. Бірақ тарихқа сүйенсек, қазақ халқы қалыптасқан сәттен бастап-ақ нарық айырбас ретінде жүргізі…

2
1
16615

Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамытуға 100 млн. АҚШ доллары бөлінеді

"24kz" ТА Еуропалық қайта құру және даму банкі Қызылордада қалдықтарды өңдейтін жобаны қаржыландырмақ. Бұл туралы банк президенті Сума Чакрабарти шетелдік инвесторлар кеңесінің XXVII отырысында мәлімдеді. Сонымен қатар, Қайта құру және даму банкі Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамытуға 100 млн. АҚШ долларын бөлмек. Бұл қаражат түрлі жобаларға шағын несие ретінде бөлінеді. Кеңесте сөз алып, жоспарларымен бөліскен Сума Чакрабарти банк инфрақұрлым жобаларын жүзеге асыруға ниетті екенін де жеткізді. Сума Чакрабарти, Еуропалық Қайта құру және даму банкінің президенті: - Біз Қазақстан Үкіметімен мемлекеттік жекеменшік серіктестік мәселесі бойынша жасалған жаңа заң жобасы негізінде бірқатар жұмыстар жасадық. Тиісті заңды құжат қабылданғаннан кейін біз инфроқұрлымдық жобаларды, атап айтқа…

0
0
211

«Қазақстандық қылмыстық ортаға шетел криминалитетінің ықпал етуі, оған қарсы тұру мәселелері» атты аймақаралық семинар-кеңес туралы баспасөз ақпараты

Бүгін Орал қаласында Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының бастамасымен «Қазақстандық қылмыстық ортаға шетел криминалитетінің ықпал етуі, оған қарсы тұру мәселелері» тақырыбында  Бас прокуратура, ІІМ, ҰҚК және ЭҚСЖҚА, Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау облыстары прокуратуралары өкілдерінің, сондай-ақ АҚШ сарапшыларының  қатысуымен аймақаралық семинар болып өтті.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/kazakstandyk-kylmystyk-ortaga-shetel-kriminalitetinin-ykpal-etui-ogan-karsy-turu

0
0
326

ЖЕКЕШЕЛЕНДІРІЛГЕН МЕМЛЕКЕТ. ЖАС АЛАШ-тағы мақалам 12.06.2014

Әміржан Қосанов ЖЕКЕШЕЛЕНДІРІЛГЕН МЕМЛЕКЕТ Үлкен тақырыпқа шағын нәрсенің түрткі болатыны бар емес пе? Осыдан біраз уақыт бұрын президент Үкіметке және «Самырұқ-Қазына» төрағасына «Мен жекешелендірудің тағы да бір толқынын әзірлеп, өткізуді тапсырып едім. Ол бюджетті толықтыру мен бизнесті дамытудың маңызды көзі. Мемлекеттің қатысы бар ұйымдардың саны 6000-нан асады. Онда миллионнан астам адам жұмыс істеді. Бәріне жалақы төлеу керек. Республикалық бюджеттен ол үшін бір жарым триллион теңге жұмсалады... «Самырұқ-Қазына» қорының айналасында мыңдаған еншілес компаниялар бар. Оның бәрінен құтылып, бизнеске беру қажет!», деп мықтап тапсырғаны есімізде. Жұртты жолатпайтыны несі? Нарықтық экономика жағдайында ол, жалпы тұрғыдан алғанда, дұрыс қадам. Бірақ күні кеше президенттің осы тапсырмасын о…

0
0
576

Оралда жоғалған баланы Ұлттық гвардия сарбаздары тапты.

Оралда жоғалған баланы Ұлттық гвардия сарбаздары тапты. «BNews.kz», 12.06.2014ж. Орал Ұлттық гвардия сарбаздары жоғалған 4 жасар баланы шағын аудандардың бірінен тапты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі ҚР Ұлттық гвардиясы «Батыс» ӨҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оралда ҚР Ұлттық гвардия сарбаздары күн сайын қала көшелерін аралап, тұрғындардың қауіпсіздігін күзетеді. Қоғамдық тәртіпті бұзғандарды полиция пункттеріне жеткізеді, ал жамандыққа тап болғандарға көмектеседі. ҚР Ұлттық гвардиясының 5517 әскери бөліміне кешкі уақытта 4 шағын ауданда 4 жасар баланың жоғалғандығы туралы хабарлама түседі. Барлық қызметтер мен күзеттерге хабар беріліп, дереу қызды іздеуге кіріседі. Дәл осы күні кешкі 19:30 шамасында 5517 әскери бөлімнің қызметекрі капитан Думан Құрсабаев пен автокүзет жүргізушісі с…

0
0
176

Алматыда таэквондодан «Федерация Кубогы» турнирі басталды

Бүгін Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында WTF таэквондодан «Федерация Кубогы» республикалық турнирі басталды. «Бұл жарыс жоғары деңгейде өткізіледі деген ойдамыз. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 270 жуық спортшы қатысуда. Турнир басталып кетті. Ал ресми ашылу салтанаты сағат 15:00-те болады. Бұл бәсекенің бір ерекшелігі, бұрын жарыстарда төрт бұрышты доянг, яғни төсеніш қолданылып келсе, бұл жолы жаңа ережеге сәйкес, тұңғыш рет сегіз бұрышты доянгты қолданып жатырмыз. Ол таэквондошылардың көбірек қимыл-әрекет жасауына мүмкіндік береді. Турнирдің әділ өтетіндігіне сенемін. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады» — деді өз сөзінде таэквондодан мемлекеттік жаттықтырушы, Қазақстанның таэквондо федерациясының спорттық директоры, Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Арман Шыл…

0
0
407

Селин мен Оразбаев Қазақстан хоккей құрамасынан шеттетілді

Бүгін Астанада Қазақстанның хоккей федерациясында атқарушы комитеттің 2013 жылғы қортындыларын талқылауға арналған отырыс өткізілді, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметі.

Атқарушы комитеттің мүшелері Қазақстан хоккей құрамасының бас бапкері Ари-Пекка Селин мен бас менеджері Нұрлан Оразбаев Минскіде болған әлем чемпионатындағы команданың ойыны жайында есеп берді. Талқылау барысында комитет мүшелері жасалған жұмысты бірауыздан «қанағаттанарлықсыз» деп шешті және бас менеджердің басшылығымен жұмыс істеп келген бапкерлік штабтың отставкасын қабылдады.

Айта кетейік, Оразбаев пен Селин «Барыс» хоккей клубында президент және бас бапкер ретінде жұмыстарын жалғастыруда.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
301

ФИФА басшысы 2015 жылы отставкаға кетеді

Сан-Пауладағы кездесу барысында еуропалық футбол шенеуніктері ФИФА басшысы Йозеф Блаттердің сыбайлас жемқорлыққа қатысты дау туындауына байланысты келесі жылы отставкаға кетуін талап етті. Олардың айтуынша, мұның бәрі ұйымның беделін төмендеткен, деп хабарлады Би-би-си. Голландиялық футбол қауымдастығының басшысы 78 жастағы Михаэль ван Прааг Блаттер 2015 жылы ФИФА президенті сайлауына өз кандидатурасын ұсынып қажеті жоқ, деп мәлімдеді. Англиядағы Футбол қауымдастығының президенті Грег Дайк Катарды 2022 жылғы футболдан әлем чемпионатын өткізу елі ретінде сайлауына байланысты нәсілшілдікке салынып сыбайлас жемқорлық жасады деп айыптады деген Блаттердің сөзін сынға алды. Блаттер Сан-Паулада өткен ФИФА конгресінде УЕФА өкілдерімен кездесті. Ол бес басқа футбол конфедерациясынан қолдау күткен.…

0
0
196

КИКБОКСИНГ: 14 қызылордалық спортшының 9-ы жүлделі оралды

Кикбоксингтен еліміздің жасөспірімдер құрама командасы Шымкент қаласында аяқталған Қазақстан біріншілігінен 3 алтын, 2 күміс, 4 қола медальді олжалап қайтты, деп хабарлады облыстық Денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен. Жарысқа еліміздің әр өңірінен 2000-2001, 2002-2003 жылдары туылған 350-дей спортшы қатысты. Қызылорда облысынан қатысқан 14 спортшының 9-ы жүлдемен қайтты. Сайыс кикбоксингтің фул-контакт жүйесі бойынша өткізілді. Нәтижесінде 36 келі салмақ дәрежесінде Ерсұлтан Гажден (2000 ж.), 30 келіде Диас Қарменов (2002 ж.) алтыннан алқа тақты. Ал 39 келіде өнер көрсеткен Данияр Омар (2000 ж.) осымен үшінші рет ел чемпионы атанды. 14 жас аралығында 57 келіде Мұхаммед Бекпенбет пен 60 келіде Ербол Серғалиұлы күміс жүлдені иеленсе, 27 келіде Диас Иманмуса (2003 ж.),…

0
0
212