Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Алматыда таэквондодан «Федерация Кубогы» турнирі басталды

Бүгін Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында WTF таэквондодан «Федерация Кубогы» республикалық турнирі басталды.

«Бұл жарыс жоғары деңгейде өткізіледі деген ойдамыз. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 270 жуық спортшы қатысуда. Турнир басталып кетті. Ал ресми ашылу салтанаты сағат 15:00-те болады. Бұл бәсекенің бір ерекшелігі, бұрын жарыстарда төрт бұрышты доянг, яғни төсеніш қолданылып келсе, бұл жолы жаңа ережеге сәйкес, тұңғыш рет сегіз бұрышты доянгты қолданып жатырмыз. Ол таэквондошылардың көбірек қимыл-әрекет жасауына мүмкіндік береді. Турнирдің әділ өтетіндігіне сенемін. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады» — деді өз сөзінде таэквондодан мемлекеттік жаттықтырушы, Қазақстанның таэквондо федерациясының спорттық директоры, Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Арман Шылманов.

Естеріңізге сала кетейік, жарысқа қатысатын таэквондошылардың жасы 17-ден кем болмауы тиіс.

2 Басты сөздер: АлматыСпорт

АЛМАТЫ. ҚаАқпарат

 
0
0
395

Осы тақырып бойынша