Балақайлар Қазақстанда өз күшімен әйгілі бола ала ма?
Елімізде өнерлі өрендер аз емес. Соның ішінде көпшіліктің көзіне түспей, бақтары жанбай жүргендері қаншама. Жалпы, Қазақстан бойынша жас жеткіншектерді қолдау ісі қандай деңгейде? Бүгінгі әңгімеміз дәл осы сұрақтың жауабы жайлы болмақ. Қазіргі таңда Қазақстанда 8-13 жасар балалар арасында өтіп жатқан екі ірі байқау туралы хабардар боларсыз. Олар: «Bala Turkvizyon» және «Аялаған Астана 2015». Алғашқысын өткізуге Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қоры ұйытқы болып отыр. 2014 жылы «Аялаған Астана» жобасына еліміздің Алматы, Талдықорған, Тараз, Шымкент, Қызылорда, Қостанай, Орал, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар, Семей, Көкшетау, Петропавл, Астана сынды 16 қаласынан 1000 бала қатысқан болатын. Биылғы жылғы үміткерлер саны бұдан аз емес. Іріктеу кезеңінен өту – сайыстың бастамасы ға…