Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Селин мен Оразбаев Қазақстан хоккей құрамасынан шеттетілді

Бүгін Астанада Қазақстанның хоккей федерациясында атқарушы комитеттің 2013 жылғы қортындыларын талқылауға арналған отырыс өткізілді, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметі.

Атқарушы комитеттің мүшелері Қазақстан хоккей құрамасының бас бапкері Ари-Пекка Селин мен бас менеджері Нұрлан Оразбаев Минскіде болған әлем чемпионатындағы команданың ойыны жайында есеп берді. Талқылау барысында комитет мүшелері жасалған жұмысты бірауыздан «қанағаттанарлықсыз» деп шешті және бас менеджердің басшылығымен жұмыс істеп келген бапкерлік штабтың отставкасын қабылдады.

Айта кетейік, Оразбаев пен Селин «Барыс» хоккей клубында президент және бас бапкер ретінде жұмыстарын жалғастыруда.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
 
0
0
296

Осы тақырып бойынша

Селин мен Оразбаев Қазақстан хоккей құрамасынан шеттетілді - Yvision.kz