Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамытуға 100 млн. АҚШ доллары бөлінеді
"24kz" ТА
Еуропалық қайта құру және даму банкі Қызылордада қалдықтарды өңдейтін жобаны қаржыландырмақ.
Бұл туралы банк президенті Сума Чакрабарти шетелдік инвесторлар кеңесінің XXVII отырысында мәлімдеді. Сонымен қатар, Қайта құру және даму банкі Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамытуға 100 млн. АҚШ долларын бөлмек. Бұл қаражат түрлі жобаларға шағын несие ретінде бөлінеді. Кеңесте сөз алып, жоспарларымен бөліскен Сума Чакрабарти банк инфрақұрлым жобаларын жүзеге асыруға ниетті екенін де жеткізді.
Сума Чакрабарти, Еуропалық Қайта құру және даму банкінің президенті:
- Біз Қазақстан Үкіметімен мемлекеттік жекеменшік серіктестік мәселесі бойынша жасалған жаңа заң жобасы негізінде бірқатар жұмыстар жасадық. Тиісті заңды құжат қабылданғаннан кейін біз инфроқұрлымдық жобаларды, атап айтқанда, жол құрлысын жүзеге асыруда белсенділік танытуды көздейміз. Қаражат пен сараптамалық жұмыстар біздің тараптан жүргізіледі. Біздің мақсатымыз – экономиканы дамытуда үкімет пен жеке сектор арасындағы теңдікті құру.
