Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

КИКБОКСИНГ: 14 қызылордалық спортшының 9-ы жүлделі оралды

Кикбоксингтен еліміздің жасөспірімдер құрама командасы Шымкент қаласында аяқталған Қазақстан біріншілігінен 3 алтын, 2 күміс, 4 қола медальді олжалап қайтты, деп хабарлады облыстық Денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.

Жарысқа еліміздің әр өңірінен 2000-2001, 2002-2003 жылдары туылған 350-дей спортшы қатысты. Қызылорда облысынан қатысқан 14 спортшының 9-ы жүлдемен қайтты.

Сайыс кикбоксингтің фул-контакт жүйесі бойынша өткізілді. Нәтижесінде 36 келі салмақ дәрежесінде Ерсұлтан Гажден (2000 ж.), 30 келіде Диас Қарменов (2002 ж.) алтыннан алқа тақты. Ал 39 келіде өнер көрсеткен Данияр Омар (2000 ж.) осымен үшінші рет ел чемпионы атанды.

14 жас аралығында 57 келіде Мұхаммед Бекпенбет пен 60 келіде Ербол Серғалиұлы күміс жүлдені иеленсе, 27 келіде Диас Иманмуса (2003 ж.), 30 келіде Дамир Айдосұлы (2002 ж.), 45 келіде Жансерік Файзуллаев (2002 ж.) және 51 келіде Ғазиз Қапез (2000 ж.) қола жүлдеге қол жеткізді.

Айта кетейік, спортшылардың барлығы №1 облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебінде жаттығады.

 
Басты сөздер: Қызылорда облысыСпорт
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат
 
0
0
201

Осы тақырып бойынша

КИКБОКСИНГ: 14 қызылордалық спортшының 9-ы жүлделі оралды - Yvision.kz