Мазмұнға өту

Жаңа

ӘЧ-2014: Мундиальдiң алғашқы матчында Неймар Бразилия құрамасына жеңiс әкелді

Футболдан Әлем чемпионатының алғашқы матчында Бразилия құрама командасы Хорватияны 3:1 есебiмен тiзе бүктiрдi. Алғашқы голды 11-минутта Бразилия құрамасының ойыншысы Марселло өз қақпасына дарытып алған болатын. Бұл олқылықтан кейiн алаң қожайындары хорватиялықтардың қақпасына лап қойды. Бразилия құрамасының шабуылшысы Неймар 27-минутта Плетикоса қорғаған қақпаға доп дарытты. Бiрiншi таймда ойыншылар 1:1 есебiмен демалуға аттанды. Екiншi кезеңде ойынның 71-минутында Неймар пенальтиден гол салып, алаң иелерiн алға шығарды. Ал ойынның аяқталуына сәл қалғанда бразилиялық ұжымның тағы бiр ойыншысы Оскар хорватиялықтардың қақпасына үшiншi голды тоғытып кеттi, қорытынды есеп — 3:1. Айта кетейiк, матч Сан-Паулу қаласында «Арена Коринтианс» стадионында өттi. Ертең чемпионаттың үш матчы болады. Кам…

0
0
181

Криштиану Роналду жаттығу кезінде жарақаттанып қалды

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду команданың жаттығуы кезінде сол тізесінен жарақаттанды.  Бұл туралы Goal хабарлайды

29 жастағы футболшы алаңнан аяғын сылти басып шықты. Әзірге жарақатының қандай деңгейде екендігі айтылмай отыр.

Егер жарақатынан жазылмаған жағдайда оны басқа футболшы ауыстыруы мүмкін. Ереже бойынша  бұл мәселе 15 маусымға дейін шешілуі тиіс.

Еске сала кетсек, Бразилиядағы  әлем чемпионатында Португалия топтық  раундта Германиямен  (16 маусым), АҚШ-пен  (23 маусым)  Ганамен (26 маусым)  ойнауы тиіс.

АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
436

Неймар: «Дубль авторы атанғаныма қуаныштымын

Әлем чемпионатының алғашқы матчы — Бразилия-Хорватия (3:1) кездесуiнде дубль авторы атанған бразилиялық шабуылшы Неймар ойынның қортынды есебiне және өзiнiң екi голына қанағаттанатындығын жеткiздi. «Бұл ашылу матчтарының ең кереметi болды», — деп келтiредi ESPN Неймардың сөзiн. — Бiз жеңiске қатты ұмтылдық. Мен екi голдың авторы атанғаныма қуаныштымын. Екi гол да, сiздер байқасаңыздар, бiртүрлі соғылды. Бiрiншiсінде мен доп қорғаушының екi аяғының ортасынан өтiп кетсе екен деп едім, бiрақ соққы тым әлсiз едi. Дегенмен, бастысы гол болды. Мен пенальти соғар алдында көңiлiмдегi алаңдаушылықты қалай баса бiлдiм? Барлығы тәжiрибеге байланысты. Расымен, қақпашы менi аздап шошытты, бiрақ доп қақпаға дарыды. Айта кетейiк, Футболдан Әлем чемпионатының алғашқы матчында Бразилия құрама командасы Хо…

0
0
265

Қоғамдағы рухани құндылықтарды қалыптастыру мен дамытудағы қазақ әйелінің рөлі

«Baq.kz» ақпараттық порталы. ҚР Дін істері агенттігі Төрағасының кеңесшісі А.Әбдірәсілқызының «Қоғамдағы рухани құндылықтарды қалыптастыру мен дамытудағы қазақ әйелінің рөлі» атты мақаласы Сөз – Құдіреттің елшісі. Біз танып бітпеген нақыл қазақта көп. Соның бірінде «Күн нұры – тары, дін нұры – тау» деген екен даналығы иманға суарылған халқымыз. Қазақтың бүкіл рухани құндылығын жинақтаған осындай мақалдардың шығу тегі туралы аңыз Сыр бойында туғанын біреу біліп, біреу білмес. Ол аңыз төмендегідей. Әзіреті Сұлтан Қожа Ахмет Йасауи өзінің тоқсан тоғыз мың шәкіртін жинап, ұлы дария бойындағы Мәслихат төбеге шығып, былай деп кеңес құрыпты деседі: – Хазіреті Пайғамбарымыз миғраж түні Алла Тағаланың дәргейіне барғанда Жаратушымызбен тоқсан тоғыз мың ауыз сөз сөйлесіпті. Оның отыз үш мыңы шариғат…

0
0
1080

Алматы облысында бірден төрт есірткі сатушы ұсталды.

Алматы облысында бірден төрт есірткі сатушы ұсталды. «BNews.kz», 13.06.2014ж.Соңғы тәуліктерде Қаратал ауданы Үштөбе қаласында және Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында есірткі саудасымен күрес бойынша жедел шаралар ұйымдастырылды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментіне сілтеме жасап. ІІД баспасөз қызметінің басшысы Көбейхан Нұрахметтің айтуынша, Үштөбеде тәртіп сақшылары төрт есірткі нүктесін жойған, ал олардың қожайындары героин өткізді деген күдікпен қамауға алынды. Бұған қоса, соңғы үш күнде есірткіні заңсыз сақтаудың тағы бес фактісі анықталды, олардың арасында Шелек ауылының ұсталған тұрғыны бар. Күдіктінің үйінен 5 келіден астам марихуана тәркіленген. Бүгінгі күні маусымның басынан бері жүріп жатқан «Көкнәр» жедел шарасы кезінде өңір аумағында 12 есірткі қ…

0
0
446

Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына конкурс жариялайды

Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі, 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі», 13-кіреберіс, анықтама үшін телефон: 8 (7172) 74-09-33, электронды мекенжай: [email protected], бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына конкурс жариялайды:1. Әкімшілік департаментінің құжаттамалық қамтамасыз ету және ақпараттық технологияны дамыту басқармасының бас сарапшысы (IT-мамандығы), С-4 санаты (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңінде). 2. Конфессияаралық қатынастар департаментінің исламдық діни бірлестіктермен байланыстар басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты. 3. Конфессияаралық қатынастар департаментінің исламдық діни бірлестіктермен байланыстар басқармасының сарапшысы, С-5 санаты. 5. Талдау және ақпараттық жұмыс департаментінің аймақтық жұмысты үйлестіру…

0
0
423

Мен қазақпын, Қытайдан оралып келген ағайындарыма...

Мен қазақпын деп айтсам өтірік айтпаймын. Монғолдардың, кейін жоңғарлардың шапқыншылығына төтеп берген, ХХ гасырдын басында орын алған ашаршылық пен репрессияны басынан кешкен нағыз патриоттардың ұрпағы мына менмін. Мына менің атам ІІ Ұлы отан соғысында барлаушы болған, мына менің әжем соғыстан кейін мемлекетті көтеруге үлесін қосып таңнан кешке дейін қант қызылшасын түптеп өмірін өткізген, мына менің әпкем 1986 жылдың желтоксанында аланға шыққан, мына менің әкем мен анам совет өкіметінің ыдырауын басынан кешіріп барынан айырылып, бір ақ түнде кедей болды. Мына мен және менің жанұям мемлекетіміз егемендік алғаннан кейінгі ауыр жылдарды майшам жағып бастан өткізгенбіз. Нағыз қазақ мына менмін. Қытайдан оралып келген отандастарыма айтар сөзім бұл. Сіздер оралдық деп мемлекеттен жер телімін…

0
0
473

Денсаулық сақтау саласында менеждменттің дамуы мамандарды ынталандырудың жаңа әдістерін енгізуге жол ашты

Бүгін Астанада Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы базасында Медицина қызметкері күніне орай «Кәсібіндегі үздік маман» байқауының шеңберінде «Үздік денсаулық сақтау менеджері» аталымында қорытынды шығарылды.

http://www.mz.gov.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=1584:densauly-sa-tau-salasynda-menezhdmentti-damuy

0
0
305

«Үздік дәрігер — 2014» және «Үздік ауыл дәрігері – 2014» байқауларының жеңімпаздары анықталды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен Астана медицина университеті базасында Медицина қызметкерлері күні қарсаңында «Үздік дәрігер 2014» және «Үздік ауыл дәрігері 2014» аталымдары бойынша республикалық байқау болып өтті.

http://www.mz.gov.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=1582:zdik-d-riger-2014-zh-ne-zdik-auyl-d-rigeri-2014

0
0
510

Жамбыл облысының өкілі 2014 жылдың «Үздік провизоры» атанды

Бүгін Медицина қызметкері күні қарсаңында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Үздік провизор» республикалық байқауын өткізді.

Байқау аталған кәсіптің беделін арттыруға, провизорлардың шеберлігін, бастамалары мен шығармашылық күш-қуатын жетілдіруге септігін тигізетін игі дәстүрге айналды.

http://www.mz.gov.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=1580:zhambyl-oblysyny-kili-2014

0
0
342