Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақстанда еріген қар суын жинайтын 30 су қоймасы салынады

ҚазАқпарат – Қазақстанда еріген қар суын жинайтын 30 су қоймасы салынады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен конференцияда ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Болат Бекнияз айтты. Оның айтуынша, мемлекеттік бағдарлама аясында жасалып жатқан бұл шара “бір оқпен екі қоянды атып алғанмен” бірдей, бір жағынан халықты тасқын судың зардабынан құтқарса, екінші жағынан өңірдегі егістікті жазда суаратын сумен қамтамасыз етеді. «Мемлекет қарауындағы су қоймалары бар өңірлерде төтенше жағдайлар орын алмады деуге де болады. Өйткені біз ол суды су қоймалары арқылы реттеп отырамыз. Ал ондай құрылыстар жоқ жерде табиғатқа байланысты болады. Мәселен Жайық өзенінде су қоймалары өте аз, сондықтан көктем кезінде біз оның тасуын ауыздықтай алмаймыз. О…

0
0
506

ӘЧ-2014: Испания мундиальдағы соңғы матчында жеңiске жеттi

Давид Вилья

Бразилияда футболдан әлем чемпионатында В тобының аутсайдерлерi Испания мен Австралия құрамалары кездестi.

Топта бiрде-бiр ұпай жинай алмаған қос команда ең соңғы ойындарын өткiзген болатын. Бұл ойында Испания құрамасы Австралияны 3:0 есебiмен жеңiп кеттi.

Бiрiншi таймда Давид Вилья есеп ашса, екiншi таймда 69-минутта Фернандо Торрес көзге түстi. Ал матчтың соңында Хуан Мата есептi 3:0-ге жеткiздi.

Айта кетейiк, бұл топта нидерландықтар 9 ұпаймен бiрiншi орынды еншіледі. 6 ұпай жинаған Чили құрамасы плей-оффқа жолдама алды. Ал Испания бiр жеңiсiмен топтан шыға алмады. Австралия 0 ұпаймен көш соңында қалды.

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
175

ӘЧ-2014: Нидерланды Чилидiң мысын басты

Нидерланды құрама

Бразилияда футболдан әлем чемпионатында Нидерланды мен Чили құрамалары өзара кездестi.

В тобында 6 ұпайға ие болған қос команда бiрiншi орынға таласқан болатын. Бұл текетiресте 0:2 есебiмен Нидерланды футболшылары жеңiске жеттi.

Ойындағы алғашқы голды 77-минутта Лерой Фер салды. Ал 90-минутта Мемфис Депай есептi ұлғайтты.

Осылайша голландиялықтар 9 ұпаймен топта бiрiншi орын алып, бiрiншiлiктiң плей-офф кезеңiне шықты. 6 ұпаймен екінші орын алған чилиліктер де 1/8 финал жолдамасын қалтаға басты.

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
333

ӘЧ-2014: Мексика Хорватияны тізе бүктірді

футболдан әлем чемпионатының үшiншi турында Мексика Хорватия құрамасын 3:1 есебiмен ойсырата жеңдi. Бiрiншi таймда қос құрама да өте сақ ойнады. Есесіне екiншi таймда мексикалықтар үсті-үстіне шабуылдады. Матчтың 72-минутында Рафаэль Маркес есеп ашып, мексикалық жанкүйерлерді қуанышқа бөледі. Шабыттанған «ацтектер» 75-минутта екiншi голды салды, оның авторы — Андрес Гуардадо. Ал 82-минутта Хавьер Эрнандес есептi 3:0-ге жеткiздi. Төртiншi голды соғуға асыққан Мексика құрамасы 87-минутта өз қақпаларына гол өткiзiп алды. Перишич гол жібермей келе жатқан мексикалық қақпашы Очоаның көрсеткiшiне тоқтам салды. Хорваттарды тiзе бүктiрген Мексика құрамасы 7 ұпаймен финалдық бәсекелерге жолдама алды. Айта кетейiк, бразилиялықтар А тобында 7 ұпай еншiлеп, бiрiншi орынмен плей-оффқа шықты. Ұпайдан ке…

0
0
219

ӘЧ-2014: Неймардың қос голы пентакампеондарды плей-оффқа шығарды

бразилиялық шабуылшы Неймар

Футболдан әлем чемпионатының үшiншi турында Бразилия Камерун құрамасын 4:1 есебiмен ойсырата жеңдi.

Алғашқы голды бразилиялық шабуылшы Неймар ойынның 17-минутында салды. Дегенмен камерундықтар да қарап қалған жоқ, 26-минутта Джоэль Матип есептi теңестiрдi.

Матчтың 34-минутында пентакампеондардың жұлдызы Неймар дубль авторы атанып, бұндай есепке келiспейтiндiгiн танытты. Екiншi таймда Фред бұл есептi еселей түстi. Ал ойынның соңғы минуттарында Фернандиньо 4-голдың авторы атанды.

Осы жеңiсiнен кейiн бразилиялықтар А тобында 7 ұпай еншiлеп, бiрiншi орынмен плей-оффқа шықты. Хорваттарды тiзе бүктiрген Мексика құрамасы да 7 ұпаймен финалдық бәсекелерге жолдама алды. Ұпайдан кемшiн түскен Хорватия мен Камерун үйлерiне қайтатын болды.

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
190

Ақтау спортшысы жағажай волейболынан Азия чемпионатында күміс жүлдені жеңіп алды

Ақтаудың «Каспий» жағажай волейболы мектебінің тәрбиеленушілері Алексей Кулешов Дмитрий Яковлевпен (Павлодардан) жұптасып, жағажай волейболынан Азия чемионатында екінші орынға ие болды. Бұл туралы «Каспий» волейбол клубының жаттықтырушысы Павел Александров хабарлады, деп жазады lada.kz. Азия чемпионаты Қытайдың Цзиньцзян қаласында өтті. Қазақстан осы құрлықтық біріншілікте толық құрамда: екі жұп ерлер және екі жұп әйелдер командасымен қатысты. «Алексей Кулешов пен Дмитрий Яковлев өздерінен жақсы жағынан көрсетті. Олар екі сатыда да тамаша ойнап, финалға өтті. Ең бастысы, олар катар-бразилиялық жұбын жартылай финалда ұтып кетті. Финалдағы күміс жүлде жас жұптардың әзірге ең елеулі табысы. Олар болашақта өздерін бұдан да жоғары нәтижелерден көрсетуіне сенім мол», — деді Павел Александров. П…

0
0
281

Астана қаласы «Отан ана» алаңында Қаржы полициясы академиясы курсантарының салтанатты шығарылымы өтеді

2014 жылғы 25 маусымда сағат 10-00-де Астана қаласы «Отан ана» алаңында Қаржы полициясы академиясының 13-ші шығарылым түлектеріне арналған салтанатты іс-шара өтеді. Осы күні «Заңтану», «Құқық қорғау қызметі» және «Кеден ісі» мамандықтары бойынша білім алған Академияның 112 тындаушысы қаржы полициясы және кеден қызметі офицерлерінің қатарына қосылады. Академияның жеке құрамының, сондай-ақ қонақтар мен тыңдаушылардың ата-аналары назарына салтанатты шеру, әскери дайындық көрсетілімі мен тактикалық жаттығулар ұсынылады. Соңында, дәстүр бойынша Академия тыңдаушылары қоштасу бал биін орындайды. 15 жыл ішінде Академияны 1351 түлек аяқтады. Ағымдағы оқу жылында 510 білім алушы бағдарламаларды игеруде, оның 479 - тыңдаушылар, 22 - магистрант және 8 - докторант құрайды және олар күндізгі оқыту бөлі…

0
0
533

Бүгін Қайрат Мәми Иордан Хашимиттік Корольдігі Парламенті Сенатының Төрағасымен кездесті

Бүгін ҚР Жоғары Сотының төрағасы Қайрат Мәми Иордан Хашимиттік Корольдігі Парламенті Сенатының Төрағасы Абдур-Рауф Салем Н.Рауабдемен кездесті.

http://sud.gov.kz/kaz/news/bugin-kayrat-mmi-iordan-hashimittik-koroldigi-parlamenti-senatynyn-toragasymen-kezdesti

0
0
445

Бас прокуратура мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының одан әрі өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі бірлескен жиналысы туралы баспасөз ақпараты

Бүгін Бас прокуратурада Бас Прокурор Асхат Дауылбаев пен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы Тимур Құлыбаевтың қатысуымен бірлескен кеңес өтті.


http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/bas-prokuratura-men-ulttyk-ksipkerler-palatasynyn-odan-ri-ozara-kimyl-mseleleri

0
0
297

Жоғарғы Сотта Мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты жиын өтті

Бүгін Жоғарғы Сотта Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы І.С. Испановтың төрағалығымен Мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты жиын өтті.

http://sud.gov.kz/kaz/news/zhogargy-sotta-memlekettik-kyzmetshi-kunine-arnalgan-saltanatty-zhiyn-otti

0
0
361