Астана қаласы «Отан ана» алаңында Қаржы полициясы академиясы курсантарының салтанатты шығарылымы өтеді
2014 жылғы 25 маусымда сағат 10-00-де Астана қаласы «Отан ана» алаңында Қаржы полициясы академиясының 13-ші шығарылым түлектеріне арналған салтанатты іс-шара өтеді.
Осы күні «Заңтану», «Құқық қорғау қызметі» және «Кеден ісі» мамандықтары бойынша білім алған Академияның 112 тындаушысы қаржы полициясы және кеден қызметі офицерлерінің қатарына қосылады.
Академияның жеке құрамының, сондай-ақ қонақтар мен тыңдаушылардың ата-аналары назарына салтанатты шеру, әскери дайындық көрсетілімі мен тактикалық жаттығулар ұсынылады. Соңында, дәстүр бойынша Академия тыңдаушылары қоштасу бал биін орындайды.
15 жыл ішінде Академияны 1351 түлек аяқтады. Ағымдағы оқу жылында 510 білім алушы бағдарламаларды игеруде, оның 479 - тыңдаушылар, 22 - магистрант және 8 - докторант құрайды және олар күндізгі оқыту бөлімінде білім алады.
Академиядағы оқу процесінің ерекшелігі құқықтану пәндерімен қатар экономикалық пәндерінің басым бөлігі тереңдетіліп оқытылуында. Тергеу-экономикалық және жедел-экономикалық мамандандырылу бойынша арнайы курстарды (экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарды ашу және тергеу әдістемесі, экономика саласындағы қылмыстарды саралау, алдын ала тергеу өндірісін ұйымдастыру және басқалар) зерделеуге үлкен көңіл бөлінеді.
