Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ӘЧ-2014: Мексика Хорватияны тізе бүктірді

Мексика құрамасы

футболдан әлем чемпионатының үшiншi турында Мексика Хорватия құрамасын 3:1 есебiмен ойсырата жеңдi.

Бiрiншi таймда қос құрама да өте сақ ойнады. Есесіне екiншi таймда мексикалықтар үсті-үстіне шабуылдады. Матчтың 72-минутында Рафаэль Маркес есеп ашып, мексикалық жанкүйерлерді қуанышқа бөледі. Шабыттанған «ацтектер» 75-минутта екiншi голды салды, оның авторы — Андрес Гуардадо. Ал 82-минутта Хавьер Эрнандес есептi 3:0-ге жеткiздi. Төртiншi голды соғуға асыққан Мексика құрамасы 87-минутта өз қақпаларына гол өткiзiп алды. Перишич гол жібермей келе жатқан мексикалық қақпашы Очоаның көрсеткiшiне тоқтам салды.

Хорваттарды тiзе бүктiрген Мексика құрамасы 7 ұпаймен финалдық бәсекелерге жолдама алды. Айта кетейiк, бразилиялықтар А тобында 7 ұпай еншiлеп, бiрiншi орынмен плей-оффқа шықты. Ұпайдан кемшiн түскен Хорватия мен Камерун үйлерiне қайтатын болды.

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

 
0
0
210

Осы тақырып бойынша

ӘЧ-2014: Мексика Хорватияны тізе бүктірді - Yvision.kz