Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ӘЧ-2014: Нидерланды Чилидiң мысын басты

Нидерланды құрама

Бразилияда футболдан әлем чемпионатында Нидерланды мен Чили құрамалары өзара кездестi.

В тобында 6 ұпайға ие болған қос команда бiрiншi орынға таласқан болатын. Бұл текетiресте 0:2 есебiмен Нидерланды футболшылары жеңiске жеттi.

Ойындағы алғашқы голды 77-минутта Лерой Фер салды. Ал 90-минутта Мемфис Депай есептi ұлғайтты.

Осылайша голландиялықтар 9 ұпаймен топта бiрiншi орын алып, бiрiншiлiктiң плей-офф кезеңiне шықты. 6 ұпаймен екінші орын алған чилиліктер де 1/8 финал жолдамасын қалтаға басты.

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

 
0
0
319

Осы тақырып бойынша

ӘЧ-2014: Нидерланды Чилидiң мысын басты - Yvision.kz