Ақтау спортшысы жағажай волейболынан Азия чемпионатында күміс жүлдені жеңіп алды
Ақтаудың «Каспий» жағажай волейболы мектебінің тәрбиеленушілері Алексей Кулешов Дмитрий Яковлевпен (Павлодардан) жұптасып, жағажай волейболынан Азия чемионатында екінші орынға ие болды. Бұл туралы «Каспий» волейбол клубының жаттықтырушысы Павел Александров хабарлады, деп жазады lada.kz.
Азия чемпионаты Қытайдың Цзиньцзян қаласында өтті. Қазақстан осы құрлықтық біріншілікте толық құрамда: екі жұп ерлер және екі жұп әйелдер командасымен қатысты.
«Алексей Кулешов пен Дмитрий Яковлев өздерінен жақсы жағынан көрсетті. Олар екі сатыда да тамаша ойнап, финалға өтті. Ең бастысы, олар катар-бразилиялық жұбын жартылай финалда ұтып кетті. Финалдағы күміс жүлде жас жұптардың әзірге ең елеулі табысы. Олар болашақта өздерін бұдан да жоғары нәтижелерден көрсетуіне сенім мол», — деді Павел Александров.
Польшаның Мысловице қаласында да 23 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында жағажай волейболынан әлем чемпионаты өтті. Біздің елімізден оған «Каспий» волейбол клубының мүшелері Бақтыгүл Самалықова мен Александра Варасова қатысты. Жарыстар қорытындысымен олар 25-ші орынға ие болып, 84 жүлделі ұпай жинады.
АСТАНА. ҚазАқпарат

