«Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамының Бірыңғай байланыс-орталығы мен «ХҚКО»РМК филиалдарының Мүмкіндігі шектеулі адамдардың үйіне барып мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөнінде өзара іс –қимыл жасаудың бекітілген регламентімен Жамбыл аудандық Халыққа Қызмет Көрсету Орталығының қызметкерлері танысып жұмыстар жасауда.Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі азаматтар үйде отырып –ақ қажетті мемлекеттік қызметтерге біріңғай байланыс орталығының 1414 нөміріне хабарласу арқылы қол жеткізе алады. Бірыңғай байланыс орталығына хабарласу барлық байланыс операторлары үшін тегін. Бұдан басқа,біріңғай байланыс –орталығы арқылы 1 және 2 санаттағы мүгедектігі бар адамдардан ғана өтініштер қабылдау бөлігінде «ресепшнде»азаматтарға дұрыс кеңес беріп жатырмыз.Бірыңғай байланыс орталығына хабарласу арқылы Мамыр айынын 1 мен 31 аралығы ішінде 1 және 2 санаттағы мүмкіндігі шектеулі 5-азаматардын үйіне барып мемлекеттік қызмет көрсеттік. Егер 1414 нөміріне хабарласу кезінде қиындықтар туындаса, аталмыш қызмет бойынша сұрақтарыңыз болса төменде көрсетілген мекен-жайға хабарласа аласыздар.
Серікбол БЕРІКҚОЖА"ХҚКО" РМК-ның Жамбыл облысы бойынша филиалыныңқоғаммен байланыс жөніндегі менеджері