Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Алқа мәжілісі туралы

2014 жылдың 24 маусымында Астанада ҚР қоршаған орта және су ресурстары –Вице-министрі Ерлан Нысанбаевтың төрағалығымен ҚР ҚОСРМ Алқа мәжілісі өтті.

Басқосу барысында Қазақстанның су ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру және «Охотзоопром» өндірістік бірлестігі» РМҚК-ның қызметін жақсарту мәселелері талқыланды.

Қазақстанның су ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру бойынша бірінші кезекте атқарылатын іс-шаралар жөнінде ҚР ҚОСРМ су және биологиялық ресурстар департаментінің директоры Игорь Коваль және Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Болат Бекнияз мәлімдеді.

ҚР ҚОСРМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің жануарлар әлемі басқармасының басшысы Бақытбек Дүйсекеев және «Охотзоопром» РМҚК бас директорының орынбасары  Жәнібек Жұбаниязов өндірістік бірлестігінің ағымдағы қызметі жөнінде баяндады.

Орман және аңшылық шаруашылығының Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Қуаныш Аязов, Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерватының директоры Асқар Орынбасаров және Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтау ассоциациясының директоры Гүлмира Изимбергенова киіктерді қорғау барысындағы табиғатты қорғау мекемелері мен қоғамдық ұйымдардың өзара әрекеттесуі жөнінде баяндады.

Алқа мәжілісі барысында өткен талқылаулар нәтижесінде министрліктің комитеттері мен құрылымдық бөлімшелеріне, сондай-ақ, бағынысты ұйымдарға олардың қызметтерінің нәтижелілігі мен тиімділігін жоғарылатуға бағытталған бірқатар тапсырма берілді.

ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/06/104-75/

 
0
0
380

Осы тақырып бойынша

ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Алқа мәжілісі туралы - Yvision.kz