Мазмұнға өту

Жаңа

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізі – алдын алу»

Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің дамуы мен экономикалық өсуі жолында үлкен тежеу болып келеді.

Ақтөбе облысы бойынша Қаржы полициясы департаменті тұрақты түрде сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын алу бойынша мақсатты жұмыс жүргізуде.

Мысалы, ағымдағы жылғы 25 маусымда Ақтөбе облысы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығында «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында семинар өтті.

ХҚКО қызметкерлері үшін баяндамамен Департаменттің Сыбайлас жемқорлық істерін ашу және алдын алу басқармасының аға инспекторы С.Дауылтаев сөз сөйледі.

Өз баяндамасында ол сыбайлас жемқорлықты жеңуде халықтың, біз бен сіздің осы процеске белсенді қатысу арқылы табысқа жетуге болатындығын атап өтті.

0
0
492

Браконьерлікпен күрес туралы

2014 жылдың 28 маусымында киіктерді қорғау іс-шараларын жүргізген «Охотзоопром» ӨБ» РМК инспекторлары мен Қарағанды облысы Нұра аудынының ІІБ табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері Амантау ауылы маңындағы иесіз қалған үйдің тұсында мемлекеттік номері жоқ мотоциклды мінген екі азаматты ұстады. Бос ғимаратты тексеру барысында басы мен іш-құрылысы жоқ киік табылды. Сонымен бірге, үй маңында қол арасы, 12 калибірлі екі ұңғылы мылтық және 21 дана оғы бар патронтаж табылды. Ұсталған азаматтар мал іздеп жүргенде, Амантау ауылы маныңда мотоцикл мінген белгісіз адамдардарды кездестіргенін айтты. Олар бензин сұрап, ақысына киік бергенін жеткізді. Табиғатты қорғау полициясы инспекторларының келе жатқанын білген күдіктілер киік етін үйге тығып, қашқандығын мойындады. Рейдтік топ мүшелері оқиға болғ…

0
0
414

Мемлекет басшысы Астана қаласының «жасыл белдеуін» дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Akorda.kz Кеңеске Президент Әкімшілігінің Басшысы Н.Нығматулин, Қоршаған орта және су ресурстары министрі Н.Қаппаров, Астана қаласының әкімі И.Тасмағамбетов, Ақмола облысының әкімі С.Кулагин, сондай-ақ қоршаған орта және су ресурстары вице-министрі Е.Нысанбаев қатысты. Кеңес барысында елорданың айналасында жасыл аймақ қалыптастыру жұмыстарының қазіргі ахуалы мен бұдан арғы перспективасы талқыланды. Мемлекет басшысы 1997 жылдан 2013 жылға дейін отырғызылған ағаш көшеттерінің жалпы ауданы 70 мың гектарды құрағанын, соның шамамен 15 мыңы қала аумағында, қалған 55 мыңы қала сыртында екенін атап өтті. – Астана-Щучинск автожолының бойында 3,6 мың гектардан астам аумаққа ағаш егілді. Мен бір кездері алынып, әлі күнге дейін пайдаланылмай жатқан жерлердің бәрін сол аумақтарда ағаш егу үшін қайтары…

0
0
415

Қызылорда облысының Қаржы полициясы департаменті кезекті «Ашық есік күнін» өткізді

Ағымдағы жылғы 27 маусымында Қызылорда облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде (қаржы полициясында) «Ашық есік күні» өткізілді. Бұл күні Департаментке қала тұрғындары мен кәсіпкерлері қажетті ақпарат алу үшін келді. Аталған шараға Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасының бөлім бастығы С.Құлмахан қатысты және Департамент бастығының орынбасары Р.Ақмырзаев тұрақты түрде әр аптаның сейсенбі-жұма күндері Департамент басшылығымен азаматтарды қабылдау және Департамент бастығымен аптаның әр сәрсенбісінде кәсіпкерлерді қабылдау өткізілетіндігі туралы мәлімдеді. Шара барысында қала тұрғындары мен кәсіпкерлердің сұрақтары қаралып, сұрақтар бойынша түсіндірмелі жауаптар берілді. Сонымен қатар, заң қызметі бөлімінің бастығы халыққа құқықтық жәрдем…

0
0
1474

Елордада «Жер – біздің ортақ үйіміз» атты балалар арасындағы XІІ ұлттық экологиялық көрме-конкурсының жабылу рәсімі өтті

inform.kz Елордадағы Тәуелсіздік сарайында «Жер – біздің ортақ үйіміз» атты балалар арасындағы XІІ ұлттық экологиялық көрме-конкурсының жабылу рәсімі өтті. Онда бір апта бойы «Бурабай» ұлттық саябағында болып, өз туындыларын салған еліміздің барлық өңірлерінің жас қылқалам шеберлері шығармашылықтарын таныстырды. Сонымен қатар жобаға қатысушылар арасында үздіктер марапатталды. Атап айтқанда, байқаудың бас жүлдесі атыраулық Айдана Төлегеноваға бұйырды. Ал жүлделі үш орын Петропавл мен Қарағандыдан келген жас суретшілердің қанжығаларын майлады. Байқау төрешілері балалардың үйден салып келген өнер туындыларын да бағалап, өнер жайындағы кітаптарды сыйға тартты. Мәселен, «Табиғатқа сыйға тартылған бір күн» аталымында «Құс ұясы» атты туындының авторы Рустам Залияев, «Табиғатпен бірге» аталымында…

0
0
1374

2020 жылға дейін елорда төңірегіне 100 мың гектар орман отырғызылады – Елбасы

www.inform.kz 2020 жылға дейін елорда төңірегіне 100 мың гектар орман отырғызылады. Бұл туралы бүгін Астананың жасыл белдеуін аралаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты. «Барлығы да бұл ағаштар мұнда өспейді деп санаған еді. Бұл жер жарамсыз, тұзды дегендер де болды. Бірақ, біздің орманшылар мен ғалымдардың бірлесіп дұрыс әдіс табуы, тиісті көшеттерді іріктеуі нәтижесінде, жайқалған орман өсіп келе жатыр», – деді Мемлекет басшысы елордаға тақау тұстағы «Жасыл аймақ» РМК Қызылжар орман шаруашылығын аралау барысында. ҚР Президентінің атап өтуінше, қазіргі таңда бұл орман алқабында 70 мың гектар аумаққа ағаш егілген. «2020 жылға дейін 100 мың гектар жерге ағаш отырғызылады. Айта кетерлігі, бұл ЭКСПО-2017 көрмесін өткізумен байланысты», – деді Н. Назарбаев. www.inform.kz 2020 жылға дейін елорд…

0
0
313

Жастар — Street Workout — Денсаулық

Өткен демалыс күндері, 28 маусымда, «Жас Отан» ЖҚ құрған спорттық алаңында Street Workout ағымымен белсенді айналысатын жастардың жиыны өтті. Күш элементтері, ойын-сауықтық көріністер барлық қатысушыларды күні бойға сергітті. Көшедегі гимнастикамен шұғылданатын жастарды, ең алдымен, өз денесін одан әрі жетілдіруге, салауатты өмір салтын ұстануға үлкен ынтасы ажыратады. Жаңа спорттық ағымның алғашқы қадам басушылары өз нәтижелерін көрсете отыра, өздерінің даралық қасиеттерін білдіреді және темекі мен ішімдектен спорт пен денсаулыққа деген әдетті ауыстырады. Көрермендердің арасында спортшыларға зор сүйінішпен қарайтын 10-12 жастағы балаларды байқай алдық. Ертең жас ұрпақтың дұрыс жол таңдайтынына сеніміміз зор. Жастардың айтуынша, жақсы жабдықталған спорттық алаңдар жеткіліксіз. Басқа қалал…

2
0
703

Теннис: Зарина Дияс Вера Звонареваны ұтты

З.Дияс
Уимблдон турнирінде қазақ теннисшісі үшінші айналымда ресейлік Вера Звонареваны тізе бүктірді.

Чемпионат.ком сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Зарина 2 сағат 6 минутқа созылған тартысты кездесуде 7:6, 3:6, 6:3 есебімен жеңді.

З.Дияс төртінші айналымда румыниялық, әлемнің үшінші ракеткасы, биылғы Ролан Гаррос турнирінің финалисі Симона Халеппен шеберлік байқасады.

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Автор: Елжан Ералы
0
0
170

Мұхит Тұрсынов «Қазақстан Барысы-2014» жеңімпазы атанды

Астанадағы «Сарыарқа» кешенiнде «Қазақстан Барысы-2014″ атағы үшiн қазақ күресiнен республикалық турнир өттi. Ақтық сында Қарағанды облысының өкiлi Асыл Бәрменов пен Шығыс Қазақстан намысын қорғаған Мұхит Тұрсынов белдескен болатын. Мұнда екi палуан да бiрiн-бiрi ала алмай, негiзгi уақытты итжығыспен аяқтаған. Қосымша минут белгiленген соң, қарсыластар қоян-қолтық сайысқа түстi. Ол белдесуде шығысқазақстандық Мұхит Тұрсынов өз қарсыласын белдiгiнен көтерiп алып, алаң сыртына шығарып жiбердi. Қола жүлде «Сыр барысы» Руслан Әбдiразақовқа бұйырды. Үшiншi орын үшiн таласта ол «Талас арланы» Дәулетхан Жақыповты (Жамбыл облысы) тiзе бүктiрдi. Дегенмен Дәулетхан Жақыпов көрермен көзайымына айналып, су жаңа автокөлiкке ие болды. Айта кетейiк, «Қазақстан Барысы» атағының иегерi 150 мың АҚШ доллары…

0
0
377