Мазмұнға өту

Жаңа

Мұхит Тұрсынов «Қазақстан Барысы-2014» жеңімпазы атанды

Астанадағы «Сарыарқа» кешенiнде «Қазақстан Барысы-2014″ атағы үшiн қазақ күресiнен республикалық турнир өттi. Ақтық сында Қарағанды облысының өкiлi Асыл Бәрменов пен Шығыс Қазақстан намысын қорғаған Мұхит Тұрсынов белдескен болатын. Мұнда екi палуан да бiрiн-бiрi ала алмай, негiзгi уақытты итжығыспен аяқтаған. Қосымша минут белгiленген соң, қарсыластар қоян-қолтық сайысқа түстi. Ол белдесуде шығысқазақстандық Мұхит Тұрсынов өз қарсыласын белдiгiнен көтерiп алып, алаң сыртына шығарып жiбердi. Қола жүлде «Сыр барысы» Руслан Әбдiразақовқа бұйырды. Үшiншi орын үшiн таласта ол «Талас арланы» Дәулетхан Жақыповты (Жамбыл облысы) тiзе бүктiрдi. Дегенмен Дәулетхан Жақыпов көрермен көзайымына айналып, су жаңа автокөлiкке ие болды. Айта кетейiк, «Қазақстан Барысы» атағының иегерi 150 мың АҚШ доллары…

0
0
378

Астанадағы қайырымдылық веложорығына 1,5 мыңнан астам адам қатысты

Астанада елорда күнін мерекелеу аясында «Қайсар керуен» атты қайырымдылық веложарысы өтті. Бұл спорттық шараға қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов және қала тұрғындары қатысты. Бұл туралы қала әкімдігі аппаратының баспасөз қызметінен хабарланды. Жалпы қашықтығы 4,6 шақырымға созылған веложорық сағат 10:00-де «Салтанат Сарайынан» басталып, оның мәресі «Сарыарқа» велотрегі алаңында аяқталды. Веложарыстың барлық бағдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін алғашқы медициналық көмек көрсету және қан қысымын өлшеуге арналған бекеттер қарастырылды. «Ең алдымен, баршаларыңызды сүйікті елордамыздың күнімен құттықтаймын. Астана — жастардың қаласы. Осыған бүгінгі веломарафонға көптеп қатысқан жастар себеп болып отыр», — деді И. Тасмағамбетов. Айта кетейік, осы веложорыққа меценаттар, Олимпиада ойында…

0
0
385

ӘЧ-2014: Мексикадан жеңiлiп жатқан Нидерланды санаулы минуттарда жеңiске жеттi

Мексикадан жеңiлiп жатқан Нидерланды санаулы минуттарда жеңiске жеттi

Бразилияда футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалында жолдары түйiскен Мексика мен Нидерланды өзара кiм мықты екенін анықтады.

Бұл матчта фаворит деп танылған Нидерланды сенсациялық жағдайда матч бойы мексикалықтарға 0:1 есебiмен жол берiп келе жатқан болатын.

Джованни Дос Сантос 48-ші минутта голландиялықтардың қақпасына гол салған-тын.

Нидерландықтар оқтын-оқтын шабуылға шығып отырғанымен, Мексика құрамасының қақпашысы Очоа бар қауiптiң бетiн сәттi алып отырды. Дегенмен соңғы минуттарда алдымен Уэсли Снейдер, кейiн пенальтиден Хунтелаар есептi 2:1-ге жеткiздi.

Осылайша Нидерланды 1/4 финалға өттi.

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
197

ӘЧ-2014: Коста-Рика ширек финалға өттi

Футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалында өткен Коста-Рика-Грекия матчы пенальти сериясында 1:1 (5:3) есебiмен орталықамерикалықтардың пайдасына шешiлдi. Ойынның 52-ші минутында Брайан Руис костарикалықтарды алға шығарған болатын. 66-шы минутта костарикалық қорғаушы Оскар Дуарте екiншi сары қағаз алып, алаңнан қуылды. Осы сәттi пайдаланып, гректер қарсыластар қақпасына шабуылдарды үдете түстi және бұл еңбектерi 90+1 минутта ақталды. Сократис Папастатопулос шабуылдардың бiрiнде есептi теңестірiп, ойынды овертаймға ойыстырды. Дегенмен жеңiмпаз ол сында да анықталмады. Пенальтилер сериясында қарсыластар алма-кезек доп тепкен. Бұнда Коста-Рика қақпашысы Навас бiр пенальтидi қайтарып, командасына жеңiс әкелдi. Ендi Коста-Рика құрамасы 5 шiлде күнi ширек финалда Нидерландымен кездесетiн болады…

0
0
167

Әділдік орнатылды!

Орал қаласының тұрғыны Людмила Владимировна Красноштанова 22 жылдан астам уақыттан бері екі бөлмелі қызметтік пәтерде тұрып келеді. Бұл пәтер оған соңғы жұмыс орны - Өндірістік трест тұрғын үй шаруашылығынан берілген еді.

http://sud.gov.kz/kaz/news/dildik-ornatyldy

0
0
532

Ақмола облысының полицейлері мен ҮЕҰ адамды азаптауға жол бермеу мәселесін талқылады.

Ақмола облысының полицейлері мен ҮЕҰ адамды азаптауға жол бермеу мәселесін талқылады. «BNews.kz», 30.06.2014ж. Ақмола облысында полицейлер құқық қорғау органдары мен үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп адамды қинап-азаптаудың алдын алу және жол бермеу мәселесін талқылады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шараны ІІД Жеке қауіпсіздік басқармасы ұйымдастырды. Қатысушылардың алдында «Үміт сәулесі» адам құқықтарын қорғау және туберкулезге қарсы күрес қоғамдық қорының директоры Любовь Рубежанская баяндама жасады. Ол Қазақстан ҮЕҰ Ақмола облысында адамды қинап-азаптауға қарсы коалициясын басқарады. Оның айтуынша, коалицияның міндеті – қоғамда адамды қинап-азаптауға нөлдік төзімділік қалыптастыру. Рубежанская коалицияға жүгінген бірнеше құрбандарды мысалға келт…

0
0
240

Астана күні 2 мыңнан астам полицей қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді.

Астана күні 2 мыңнан астам полицей қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді.
Астана қалалық ІІД Әкімшілік полициясы басқармасының мәліметінше елорданың 16 жылдығы қарсаңында Астана гарнизонның жеке құрамы күшейтілген жұмыс тәртібіне көшіріледі, патрульдік нарядтар саны артып, учаскелік инспекторлар жұмысы күшейтіледі.   
Көпшілік шаралар өтетін орындарда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге Астана қалалық ІІД-нің 2 мыңнан астам полицейі жұмылдырылады.

0
0
137

Айзек Азимов. Академия. «Академия» негізінің қалануы

Айзек Азимов өзінің ғылыми-фантастикалық шығармаларымен әлемге танымал. Көптеген шығармаларының бірі Айзектің «Академия» атауымен белгілі ғылыми-фантастикалық романдарының жинағына енетін «Академия негізінің қалануы». Саяси сипаттағы ғылыми –фантастикалық роман. Романдағы оқиғалар желісі Галактикадағы цивилизациялардың өзара саяси қатынастары төңірегінде өрбиді. Жазушы «Үлкен саясат» құралдары Галактикадағы цивилизациялар, яғни, космостық кеңістігіндей үлкен аймақта қалай жұмыс істейтінін көрсеткен.Романдағы оқиға басы. Біздің Галактикадағы барлық цивилизациялар бір-бірімен қатынас жасап, үлкен галактикалық Империя құрған. Империя астанасы -Трентор ғаламшары. Онда Император атынан империяны басқаратын Галактикалық кеңесі өз жұмысын жүргізеді. Гэри Селдон психотарихшы, танымал ғалым (психо…

1
0
967

ҚР Жоғарғы Соты баспасөз қызметінің жетекшісі Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрмет грамотасымен марапатталды

Бүгін Тәуелсіздік Сарайында Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын өтті.

http://sud.gov.kz/kaz/news/kr-zhogargy-soty-baspasoz-kyzmetinin-zhetekshisi-kazakstan-halky-assambleyasynyn-kurmet

0
0
348