Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жастар — Street Workout — Денсаулық

Өткен демалыс күндері, 28 маусымда, «Жас Отан» ЖҚ құрған спорттық алаңында Street Workout ағымымен белсенді айналысатын жастардың жиыны өтті. Күш элементтері, ойын-сауықтық көріністер барлық қатысушыларды күні бойға сергітті. Көшедегі гимнастикамен шұғылданатын жастарды, ең алдымен, өз денесін одан әрі жетілдіруге, салауатты өмір салтын ұстануға үлкен ынтасы ажыратады.

Жаңа спорттық ағымның алғашқы қадам басушылары өз нәтижелерін көрсете отыра, өздерінің даралық қасиеттерін білдіреді және темекі мен ішімдектен спорт пен денсаулыққа деген әдетті ауыстырады. Көрермендердің арасында спортшыларға зор сүйінішпен қарайтын 10-12 жастағы балаларды байқай алдық. Ертең жас ұрпақтың дұрыс жол таңдайтынына сеніміміз зор. Жастардың айтуынша, жақсы жабдықталған спорттық алаңдар жеткіліксіз. Басқа қалалардан спортшыларды шақырту жоспарда бар, бірақ ол үшін материалдық негіз қажет.

Шілде айында максималды көп қатысушыларды тартып,  Freestyle және Jeam bar ағымдары бойынша ауқымды жарыстарды жоспарладық.

2
0
689

Осы тақырып бойынша

Жастар — Street Workout — Денсаулық - Yvision.kz