Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізі – алдын алу»

Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің дамуы мен экономикалық өсуі жолында үлкен тежеу болып келеді.

Ақтөбе облысы бойынша Қаржы полициясы департаменті тұрақты түрде сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын алу бойынша мақсатты жұмыс жүргізуде.

Мысалы, ағымдағы жылғы 25 маусымда Ақтөбе облысы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығында «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында семинар өтті.

ХҚКО қызметкерлері үшін баяндамамен Департаменттің Сыбайлас жемқорлық істерін ашу және алдын алу басқармасының аға инспекторы С.Дауылтаев сөз сөйледі.

Өз баяндамасында ол сыбайлас жемқорлықты жеңуде халықтың, біз бен сіздің осы процеске белсенді қатысу арқылы табысқа жетуге болатындығын атап өтті.

0
0
483

Осы тақырып бойынша