Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Браконьерлікпен күрес туралы

2014 жылдың 28 маусымында киіктерді қорғау іс-шараларын жүргізген «Охотзоопром» ӨБ» РМК инспекторлары мен Қарағанды облысы Нұра аудынының ІІБ табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері Амантау ауылы маңындағы иесіз қалған үйдің тұсында мемлекеттік номері жоқ мотоциклды мінген екі азаматты ұстады.

Бос ғимаратты тексеру барысында басы мен іш-құрылысы жоқ киік табылды. Сонымен бірге, үй маңында қол арасы, 12 калибірлі екі ұңғылы мылтық және 21 дана оғы бар патронтаж табылды.
Ұсталған азаматтар мал іздеп жүргенде, Амантау ауылы маныңда мотоцикл мінген белгісіз адамдардарды кездестіргенін айтты. Олар бензин сұрап, ақысына киік бергенін жеткізді. Табиғатты қорғау полициясы инспекторларының келе жатқанын білген күдіктілер киік етін үйге тығып, қашқандығын мойындады.
Рейдтік топ мүшелері оқиға болған айналаны мұқият тексере келе, тағы 4 өлі киік тапты. Атылған жануарлардың бірінің мүйізі кесілгендігі анықталды.
Оқиға орнында жинақталған деректер мен айғақты заттар құқық қорғау органдарына тапсырылды.
ҚР ҚОСРМ баспасөз  қызыметі

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/07/104-91/

0
0
406

Осы тақырып бойынша

Браконьерлікпен күрес туралы - Yvision.kz