Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Туған елге тағзым» экспедициясы

Экспедиция мақсаты -  оқушыларды патриот сезімге ояту және  туған елге деген қызығушылығын ояту. Сол мақсатта, Біз, Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік Мектебінің 24 оқушысы  Астана қаласына шілденің 1-і мен 10-ы арасында өтетін 10 күндік  «Туған елге тағзым» экспедициясы бойынша келдік.  Астанада ең көрнекті қонақ үйлерінің бірі, үш жұлдызды  «Абай» («Турист») қонақ үйіне тоқтадық. Бізбен бірге бұл қонақ үйде Атырау қаласының оқушылары орналасқан. Өздері көңілді , белсенді , мейірімді және досшыл екен. Астанаға келгеннен кейінгі ең алғаш барған жеріміз – Астана қаласының IB Назарбаев Зияткерлік мектебінің ескі ғимараты. Ең алғаш ашылған мектептердің бірінде бізді сол мектеп оқушылары көңілді қарсы алды. Түскі асқа дейінгі уақытта біз Атырау қаласы, Астана қаласы оқушыларымен  флешмоб билеп, түрлі ойындар ойнадық.

Түскі астан кейін осы мектептің енді салынып жатқан жаңа үлгісімен танысуға бардық. Ол қала шетінде салынып жатқан мектеп бізге керемет әсер қалдырды. Мектеп екі ғимараттан тұрады және араларын спорт алаңымен бөлінген. IB мектебі басқа НЗМ айырмашылығы – бұнда химия, биология, физика және математика бағыттары бірге дамыған. Және мектепте сабақ Еуропа мемлекеттерінің білім беру бағыты бойынша өткізіледі, сонымен қатар мектеп жаңа технологиялармен қамтылған, соның ішінде  конденсация көмегімен альфа- және бета-бөлшектерді көзбен көруге мүмкіндік беретін қондырғы.

Жаңа мектеппен танысып болғаннан кейін, біз Астананың жаңа символы, әлемдегі ең үлкен шатырды – Хан Шатыр ойын-сауық орталығын көруге асықтық. Хан Шатырда бізге түсінікті етіп, нақты және қысқа уақыт арасында түсінуге көмектескен қызметкерлерге көп алғыс. Хан Шатыр қаптауға пайдаланылған фторполимер, Орталық Азиядағы баламасыз әрі ең ірі архи­тек­ту­ра­лық жоба болып табылатыны,Норман Фостердің сәулет өнерінің ғажайып туындысы екені , сауда алаңы 6 000 шаршы метрден асатыны секілді көптеген жаңа ақпараттар алдық.

Мінекей, осылайша Ел ордасындағы сапарымызды, алғашқы күні ойдағыдай сәтті аяқталды. Осындай бой көтеріп келе жатқан ғимараттар біздің Қызылорда да салынғанын қалаймыз.

5
1
1777

Осы тақырып бойынша

«Туған елге тағзым» экспедициясы - Yvision.kz