«АЛЖИР» лагері
Экспедициямыздың 4-күні Ақмоладан 17 км қашықтықта орналасқан Отанына опасыздық жасағандардың әйелдері қамалған лагерде немесе ел арасында АЛЖИР деп аталып кеткен жерде болдық. Алаңның ортасында "Қасірет қақпасы" деген саяси қуғын-сүргін құрбандарына тағзым ретінде салынған мемориалды монумент орналасқан. Ал алаңның сол жағында "Сталин вагоны" орналасқан. Вагон 1927жылы Одесса қаласында тұтқындар тасымалдау үшін арнайы жасатылған. Осы вагонмен КСРО-ның әр бұрышынан көтерілісшілер мен бүлікшілерді, еліне опасыздық жасағандарды "Алжирге" әкелген. Тұтқындыр арасында бұл вагон "қызылша" деп аталып кеткен, себебі сырты қызыл түсті болғандықтан. 40 адамға арналған вагонда 100 адамды күшпен қамап тасыған деседі. Ішінде бар жоғы 2 қабатты төсенішсіз керует пен бір бұрышта шағын дәретхана болған.…