Тұған елге тағзым. 7 күн
Бүгінгі жетінші күн ислам дінінің уағыздаушысы, дін танушы Укаша атаның басына барудан басталды. Укаша атаның мазарына бармас бұрын, оның шәкірті, әрі оны жерлеген Ерқоян батырдың басына бардық. Мұсылмандардың заңнамаларына сай, қасиетті адамның басында құран бағыштадық. VII ғасырда 300 жыл өмір сүрген Укаша атаның мазарында сапарымыз жалғасты. Ел аузындағы аңыз бойынша, Укаша ата Алланың елшісі, пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.) екі жауырынан ортасынан ең алғаш көріп маңдайын тигізіп сүйген. Осыдан кейін Укаша атаның денесінен оқ өтпейтін, отқа жанбайтын, суға батпайтын қасиеті пайда болды. Осыны көре алмаған дінге қарсы шығушылар Укаша атаның осал жерін тауып, қастандық жасады.Яғни, ол таңғы намаз кезінде денесі қорғасындай балқып, Алладан басқа ешнәрсені ойламайтын болған.Сол кезде жаула…