1-ші күн
1 күн.
1-ші шілде 2014 жылы асыға күткен алып шаһар Шымкентке келдік. Бізді пойыздан түсе бергенде, Шымкенттің ХББ НЗМ ұжымы жылы шыраймен қарсы алды. Жолда біз жасыл алқап Шымкенттің әдемі таңғы көрінісімен таныстық. Біз Шымкент туралы біршама мәлімет білгенімізбен, оның нағыз келбетін қалаға келгенде түсіндік.Мекепте бізге Шымкент қаласы туралы қысқаша мәлімет берілді. Бұл мәлімет нәтижесінде Шымкент қаласы үлкен мегаполис және өнеркәсіп, сауда мен мәдени орталықтардың тоғысқан жері екеніне көзіміз жетті. Осындай ақпаратқа негізделе отырып, бізге Шымкент қаласын зерттреуге деген қызығушылығымызды арттырып, болашақта ғылыми жобалар мен мақалаларды жазуда септігін тигізеді.
Әсіресе, біз бүгін барған дендросаябағы мен зообақты алуға болады.
Бүгінгі күннің ең қызықты сәттерінің бірі Шымкент жануарлар саябағына бару болды.Жолдан шаршап келген біз,Шымкенттің өсімдіктері мен жануарларының көптігіне тәнті болдық.Бұл әсем орында жердің түпкір-түпкірінен әкелінген жануарлармен таныстық. Нәтижесінде,біздің зияткерлік мектептің оқушыларының көбі өз талғамдарына сай ғылыми жоба жасау жайлы жоспарлар құра бастады. Сол саябақты көрген оқушыларда «Павлодар жануарлар саябағын құру», «Жылан уының емдік қасиеттері» сияқты тақырыптар пайда болды.
Шымкент қаласындағы жиі қызуғышылықпен баратын орынның бірі Дендробақ, ол 1978 жылы қалалық қоқыс қоқыс аланының орнына, Д.Қонаевтың ынтасымен салынған. Саябақ 117 гектар орынды алуда, ол 500 мың ағаштар және 1360 бұтақ түрлері бар. Дендробақта, бар әлемнен түрлі өсімдектер коллекциясы жиналған. Осыдан басқа дендрариум тек қана ғылыми зерттеулік орын болмай, экология жағынан таза және ауқымды аймақ. Осыған қоса біз, осынша көптеген өсімдіктердің керемет флорада үйлесіп, жасанды жолмен жасалған өзеннің бойында түп-түзу орналасуы. Жасанды жолмен жасалған өзенде бертіннен бастап фазан, шаян, алабұға үйректер жіберілген.
Әсіресе біздің көнілімізді: емдік, улы, жемісті шөптердің көптігі тамсандырды. Дендробақты аралаудан кейін, біз өзіміздің ой өрісімізді кенейтк қоймай, өзіміздің ғылым жұмыстарымызға құнды мәліметтер алдық, оның ішінде: «Павлодар өнірінде Дендробақ салу», «Павлодар және Шымкент аудандарының емдік өсімдіктерінің ерекшеліктері».
Достық неден басталады? Үш топты біріктіру мақсатында Шымкент қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің ұжымы ` танысайық, кел достар ` атты кеш өткізді. Кеш мәжіліс залында позитивті көңіл күймен, қызықты сәлемдесуден басталды. Сәлемдесу кезінде біз сан ұлттардың кейпіне ендік. Ойынның барысында біздің достығымыз одан әрі күшейді. Ойын кезінде, әр бала өзінің жақсы жақтарымен көзге түсті. Бұл ойында жеңген де, жеңілген де болмады, бәріміз біртұтас отбасына айналдық. Әсем әуен мен флешмоб бізді ұштастырды. Біздің ойымызша, осындай психологиялық тренинтерді біз кез келген ортада қолдана аламыз,мысалы шаңырақта. Сонымен достық неден басталады? Жылы лебізден.
