Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Астана төңірегіне 100 жел генераторы орнатылады

ҚазАқпарат – «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне орай елорда төңірегіне 100 жел генераторы орнатылатын болады. Бұл жайында бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Орта Азиялық отын энергетика компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Александр Клебанов мәлім етті.
«Біз қала маңында жалпы қуаты 100 мегаватты құрайтын шамамен 100 жел генераторын орнатқымыз келеді. Бұл да елорда келбетіне өз үлесін қосар еді. Ұшақпен келген жолаушылар бұл жел генераторларын көреді», – деді ол Мемлекет басшысына ЭКСПО қалашығының құрылысымен таныстыру барысында.
Оның атап өтуінше, қалашықта Энергияны зерттеу орталығы құрылатын болады. Ол адамның тіршілігін қамтамасыз ететін экологиялық тұрғыда таза үш зауыттың басын біріктіреді. Аумағы 25 гектарды құрайтын ғимараттардың бірінің күмбезі астында қатты қалдықтарды, жауын және кәріз суларын, күн батареясынан электр энергиясын жинайтын зауыт орналасады. Қалдықтар жинау жүйесі 174 гектар аумақты қамтиды. Көрме павильондары мен тұрғын үй орамдары жанында қалдық жинайтын шамамен 240 қазандық орналастырылады.
Ал жауын және кәріз суларын жинайтын жүйе тәулігіне шамамен 750 текше метрді суды жинақтайды. Бұл су тазаланып, техникалық су ретінде кәдеге жаратылады.
Автор: Марлан Жиембай

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/07/104-97/

0
0
338

Осы тақырып бойынша

Астана төңірегіне 100 жел генераторы орнатылады - Yvision.kz