Мереке күндері Астанадағы тәртіптің сақталуын 800 полицей қадағалайды.
Мереке күндері Астанадағы тәртіптің сақталуын 800 полицей қадағалайды. «ҚазАқпарат», 04.07.2014ж.
Астана күнін тойлау күндері, яғни 4 шілдеден 8 шілдеге дейін 800-ден астам полицей қаладағы тәртіптің сақталуын қадағалайтын болады, деп хабарлады көліктегі ІІД баспасөз қызметінен. «Мереке күндері қоғамдық орындарда, көшелерде, мәдени-бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылатын жерлерде заңбұзушылықтың алдын алу үшін қосымша шаралар қолға алынуда.
Департаменттің 800-ден астам қызметкері әуежай мен сапаржайдағы тәртіпті, жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді», - делінген таратылған хабарламада.
Полицияның мәліметінше, маңызды және ерекше маңызды нысандардағы, арнайы мекемелердегі, сондай-ақ әкімшілік ғимараттар мен тіршілікті қамтамасыз ету нысандарындағы күзет қызметі күшейтіледі.
Бұл үшін ведомство құрылымдары мен басқарма қызметкерлерінен арнайы жедел топтар құрылды.