Араб елдеріндегі (Ливия, Сирия) мемлекеттік төңкерістергедіни экстремистік ұйымдардың ықпалы
ҚР ДІА Дін мәселелері жөніндегі
ғылыми-зерттеу және талдау орталығы
Исламды зерттеу бөлімінің
Аға ғылыми қызметкері
М.И. Оспанов
Араб елдеріндегі (Ливия, Сирия) мемлекеттік төңкерістергедіни экстремистік ұйымдардың ықпалы
Бүгінгі таңда араб елдерінің ішкі саяси ахуал әлемнің алпауыт держава елдері арасындағы қырғи-қабақ қақтығысқа айналып отыр. Көптеген мемлекеттердің бұқаралық ақпарат құралдары араб елдерінің ішкі жағдайы туралы хабарларды үнемі таратып жатыр. Дегенмен, әлем державалары араб елдеріндегі шиеленіс жайлы мәлімметтерді өз мүделеріне сәйкес бейімдеп жариялауда. Әлем саясаттанушыларының зерттеулерінде араб елдеріндегі саяси дағдарыстың себебі - ішкі саяси-әлеуметтік, экономикалық жағдайдың ықпалы деген баға беруде. Сонымен қатар, сыртқы күштердің ықпалы анық байқалады. Ол араб елдеріндегі ішкі төңкерістерге радикалды экстримистік топтардың қатарында шетелдік азаматтардың белсенді қатысуы. Енді осы экстремистік ұйымдар жайлы ой толғатсақ.
«Араб елдеріне» кіретін Тунис, Алжир, Ливия, Йемен, Мысыр, Марокко және Бахрейнде жаппай халық толқулары болып өтті. Сирияда әлі азаматтық соғыс жалғасуда, ал Мысырда исламшыл топтар билікке қайта келген әскерилерге қарсы террорлық әрекеттерін тоқтатар емес.
Ең алғашқы толқу Тунисте басталды. Нақты айтсақ, 2010 жылдың 17 желтоқсанында Мұхаммед Буазизи деген көкөніс сатушы азамат пен жергілікті әкімшілік арасындағы жан жалдан кейін, аталмыш тунистік саудагер өз наразылығын өзін-өзі өртеумен көрсеткен еді. М. Буазизи 2011 жылдың 4 қаңтарында денесінің қатты күйігінен қайтыс болды. Бұл өкінішті оқиға Тунис елі жастарының наразылығын тудырды. Осы оқиғадан бастап, Тунисте жаппай халықтың билікке деген наразылық әрекеттері күн сайын өрши түсіп соңы президент Зин әл-Абидин Бен Алидің елден қашуымен аяқталды. Тунистегі осы саяси оқиға көрші елдерде жалғасын тапты.
М. Буазизиді өртеген оттың жалыны басқада араб елдерін жалмады. Мысыр, Ливия, Йемен, Бахрейн, Алжир, Марокко және Сирия елдерінде халық саяси реформаларды талап етіп, билікке ашық қарсы шықты. Осы аталған елдердің бәрінде әлеуметтік, саяси-экономикалық құрылым тым шиеленісті күйге жеткен болатын.
Тунис, Алжир және Марокко мемлекеттерінде билік трансформациясы Мысыр және Ливиямен салыстырғанда демократия құндылықтарына сай өтті. Ал, Сирияда демократияның елесіде көрінбейді.
М. Каддафидің, Х. Мубарактың, Зин әл-Абидин Бен Алидің және Али Абдулла Салехтің биліктен кетуі елдегі радикалды исламшыл топтардың үкіметте орын алуға қолайлы жағдай жасалынды. Аталған бұрынғы басшылар радикалды исламшылардың саяси амбицияларына қарсы үнемі күрес жүргізген еді.
Ливияда билік тізгінін М. Каддафиден халықаралық коалицияның біріккен күшімен соғыс арқылы «бүлікшілерге» алып берді. Ливияда «Мұсылман бауырлар», «Әл-Каида» және оның филиалы «Ливиялық ислам соғыс тобы» (1993 жылы құрылған), «Аңсар әл-Шария» және т.б. діни экстремистік ұйымдары өте белсенді әрекеттер жасады. Аталған ұйымдар мүшелерінің басым көпшілі Ауғанстандағы Кеңес одағы әскеріне қарсы соғысқа қатысқандар. Соғыс тактикасы бойынша тәжірибелері мол азаматтар. Сонымен қатар, сырттан Мысыр, Қатар, Сирия және т.б. араб елдерінен «Мұсылман бауырлар», «Әл-Каида» ұйымдарының мүшелері М. Каддафи билігіне қарсы соғысқа қатысты. Соғыс әр-түрлі әдіс-амалдармен жүрді. Жалпы ұрыс алаңын Батыс елдері АҚШ, Ұлыбритания, әсіресе Франция (Солтүстік Атлантикалық Келісім Ұйымың басты мүше мемлекеттері) мұқият қадағалауында болды. Ливияда батыстың қолымен басқарылатын хаос пайда болды. Солтүстік альянс елдері қазіргі заманғы әуе ұшақтарымен Ливияның басты әскери базаларын бомбалап Каддафи армиясын әбден әлсіретті.
Құрлықта күші сарқылған әскерилерді ислам экстремистік ұйымдары қыспаққа алып аяусыз қырып отырды. Содырлар басып алған аймақтардағы орналасқан түрмелерден бұрын террористтік әрекеттері үшін сотталған азаматтарды босатып өз қатарларына қосып отырды. Осы арқылы өздерінің сандарын көбейтумен болды. Экстремистік ұйымдардың басым көпшілігі қылмыстық топтардан құралды.
«Мұсылман бауырлар» қозғалысының идеологиясын үлгі тұтатын және Ливиядағы төңкерісте ерекше белсенділік танытқан «Шаһидтер жасағы». Жасақты Фауза Абу Қатаф құрған. Аталған қарулы жасақта 12 топтан құралған және мүшелерінің саны ең көп әскери ұйым (жасақта шамамен 1500-нан 3500-ге дейін мүшелері бар). Жамағат негізі такфирлік жиһадизм идеологиясын ұстанады. «Шаһидтер жасағы» төңкеріс кезінде соғысты Ливияның оңтүстіктегі Әл-куфр аймағында жүргізді және төңкерістен кейін аталған аймақты өз бақылауына алды.
«Таухид және жиһад» жамағаты 2000 жылы Ливияның Дарнат қаласында сәләфизм идеологиясы негізінде құрылған. Аталған ұйым елдің шығысындағы қалаларда шоғырланған және мүшелердің басым көпшілігі жастардан жасақталған. Сырттағы сәләфиттік жамағаттармен байланыс арқылы қаржылай және қару-жарақтармен қамтамасыз етілген.
«Аңсар әл-Шария» (Шариғат жолымен жүрушілер) діни экстремистік ұйымы үш негізгі топтан құралған. Мүшелерінің саны шамамен 500-ге жуық және басым көпшілігі Ливияның түрмесінен шыққандар. Сонымен қатар, Ауғанстан мен Ирак жеріндегі соғыстарға содырлар жағында қатысқандар. Аталған ұйым Ливияда халық арасында өте танымал. Әсіресе 2012 жылы АҚШ-тың Ливиядағы елшісі Кристофер Стивенсті өлтіргеннен кейін даңқы артты. Ұйымның Әл-Каида идеясы өте ұқсас. Жиһадизм идеологиясын ұстанады. Мақсаты демократиялық сайлау жүйесін құртып, Ливияда халифат құру.
Әбу Сәлім шахидтерінің төрт бригадасы мүшелерінің саны 200 жуық. Ұйым құрамындағы содырлардың басым көпшілігі Ливиядағы Әбу Сәлім түрмесінің тұтқындарынан құралған. Ливиядағы демократиялық процесстерге қарсы және оны мойындамайды шығарады. Халық арасында қолдау таппаған ұйым. Қарулы бригаданың ең танымал тұлғасы Абдул Кадыр Азуз. Бригададағы Шура кеңесінің төрағасы, түрмеге 12 жылға сотталған болатын.
Рафалла Аш-шахатидің бес бригадасы мүшелерінің саны мыңнан асады. Ливияның шығысында және оңтүстігінде соғыс жүргізді. Ұйымды Ливия армиясының офицері Салахиддин бин Имран басқарады. Топ мүшелері байсалды ислам идеясын ұстанады. Радикалды исламшылардың АҚШ елшісі мен көмекшілерін өлтіруін қолдамады және сынға алды. Жалпы аталған қарулы бригада Ливия қоғамынан қолдау тапқан ұйым ретінде есептеледі.
Жамағат Ас-сәләфия. Ливияда сәләфия жамағатының топтары елдің әр аймағында шоғырланған. Топ мүшелерінің саны мыңнан асады. Жамағаттың бірыңғай ұйымдасқан жүйесі жоқ. Жамағат сәләфия ағымының мадхалиттік бағытын ұстанады. Ливиядағы мемлекеттік төңкеріс кезінде М. Каддафи армиясына қарсы белсенді соғыс жүргізді. Ливия қоғамының қолдауы әлсіз. Төңкерістен кейін жамағат өздерінің «Асалаи Таждид» саяси партиясын құрды.
«Ливиялық исламдық өзгеріс қозғалысы». Қозғалыстың алғашқы мақсаты М. Каддафиге қарсы бейбіт түрде, қарусыз қарсылық таныту еді. Кейін соғыс барысында армияға қарсы қару қолданды. Мүшелердің саны 5000-нан 7000-ға жуық.
Жоғарыда аталған экстремистік ұйымдар үкімет әскеріне қарсы соғыста сыртқы күштердің көмегімен жеңіске жетті.
Ливиядан кейін жылдам өтуі тиіс төңкеріс Сирия болатын. Бірақ соғыс әлі жалғасуда. Елдегі жағдай тіпті күрделі. Биліктегі Башар Асадқа және елдегі алауиттер элитасына қарсы суниттік мұсылман сириялықтардың соғысы. Сириядағы соғысты халықаралық экстремисттік ұйымдар өз мақсаттарына пайдалануда. Оппозицияға шекара арқылы қосымша күштер қосылып, қару-жарақтар әкелінуде.
Дағдарысты ауыздықтау үшін Сирия билігі 2011 жылдың 19 сәуірінде төтенше жағдай режимінің күшін жойды. 2012 жылдың ақпан айында конституцияны өзгерту бойынша референдум өтті. Ол бойынша халық жаңа конституцияның қабылданғанын қалайтындығы анықталды. Алайда, биліктің бұл реформа жасауға талпыныс ниеті аздық етеді. Сирияда сунниттердің көтерілісі деп басталған қақтығыс, шын мәнісінде азаматтық соғысқа айналды. Сирия дағдарысы ішкі шеңберден шығып халықаралық деңгейге жеткен. 2012 жылдың 24 ақпанда «Сирия достары тобының» Тунистегі кездесуінде 60 жуық мемлекет оппозицияны сирия халқының заңды өкілдері деп таныды. Көтерілісшілердің негізгі демеушілері Қатар мен Сауд Арабиясы. Аталған мемлекеттер халықаралық қауымдастықты оппозицияны қару-жарақпен қамтамасыз етуге шақырған. Еуроодақ Сирияға қарсы санкцияны қатаңдатты. Ресей болса Башар Асад жағына шығып, режимді құлатуға үзілді-кесілді қарсы шықты. 2012 жылдың 4 ақпанында Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің арнайы мәжілісінде Араб Мемлекеттері Лигасы ұсынған және оны батыс елдері қолдаған Сирияға қатысты резолюция жобасына (ол бойынша Сирияны сыртқы әлемнен оқшаландыру және қатынасты үзу) Ресей мен Қытай вето қойды.
Сирияда үкімет әскеріне қарсы ондаған экстремистік ұйымдар соғыс жүргізуде. Елдегі дағдарыс Ливияда өткен хаосқа өте ұқсас. Тек Сириядағы соғыстың уақыты тым созылып кетті.
Сирияда Ливия соғысы сценариясы секілді «Мұсылман бауырлар», «Әл-Каида» халықаралық ұйымдары және оның филиалдары өте белсенді әрекеттер жасауда. Сонымен қатар, кейбір аймақтарда аталған ұйымдарға бағынбайтын басқада қарулы топтарда бар.
Жалпы Сирия Араб Республикасындағы оппозиция жақтастары үш негізгі бағыттарға бөлінген.
- САР президенті Б. Асад режимін құлату және шариғат қағидаларына
сәйкес мемлекетті қайта құруды мақсат тұтқан исламшыл ұйымдар («Ахрар аш-Шам», «Жейш мухажирин уа әл-аңсар», «Жубха исламия ас-Сурия» және т.б.);
- Үкімет армиясына «жиһад» жариялаған, бірақ Б. Асад билігін
құлатқаннан кейін елде шариғат талаптарын орнықтыру мақсат тұтпаған әр-түрлі әлеуметтік топтан құралған халық жасақтары («Жубха ән-нусра»);
- Бұрын Сирияның армиясында қызмет еткен кәсіби әскерилердің
жасақтары. Мақсаты президент Б. Асад режимін құлату және қазіргі заманға сай зайырлы мемлекет құру («Жейш әл-хур»).
САР-дағы соғыста бірінші бағыттағы қарулы ұйымдардың мүшелері соғыста қатыгез әрекеттерімен ерекшеленуде. Экстремистік ұйымдардың қатарын сырттан келген содырлар толтыруда. Мысалы Араб елдерінен, Ресейден әсіресе Солтүстік Кавказ аймағынан, Орталық Азия елдерінен, Оңтүстік пен Оңтүстік-шығыс Азия аймағынан, Еуропа елдерінен және Солтүстік Америкадан келгендер.
Сириядағы «Әл-Каида» террористік ұйымымен тығыз байланыстағы қарулы топтар «Жебхат ән-Нусра» («Ән-Нусра» майданы), Ирак және Леванта ислам мемлекеті (ИЛИМ) және «Жейш әл-Мухажирин-уәл-Аңсар». Аталған топтар «Әл-Каида» ұйымының берген тапсырмасымен және бағыт-бағдарымен соғыс жүргізеді.
«Жебхат ән-Нусра» («Ән-Нусра» майданы) қарулы тобы – көсемі Әбу Мұхаммед әл-Жулани. Ұйым мүшелерінің саны 5000-нан 7000-ға жуық. Аталған қарулы топ жиһадизм идеясын ұстанушы болып табылады. 2011 жылы Сирияда халық толқуы басталған сәттен бастап құрылды. Дәл қазір соғыс алаңында басқа топтан күші басым қарулы ұйым. Сириядағы 14 провинциясының 12 аймағында соғысқа белсенді қатысуда (Дамаск, Идлиб, Алеппо және Дейр Әз-Зор). Соғыста террорлық әдістерді жиі қолданады, бейбіт тұрғындар арасында көп өлім санын әкелетін жарылыстарды ұйымдастырады. Қазір ұйым Сирияның солтүстік территориясын өз бақылауына алған.
Ирак және Леванта ислам мемлекеті (ИЛИМ) қарулы тобы – көсемі Әбу Бакр әл-Багдади. Ұйым мүшелерінің саны 3000-нан 5000-ға жуық. ИЛИМ содырлары Сирияның солтүстігі мен шығысында негізгі басзасы орналдасқан және осы аймақтарда соғыс қимылдарын жасауда. Соғыс кезінде террорлық әдістерді жиі қолданады, бейбіт тұрғындар арасында жарылыстарды ұйымдастырумен белгілі болды.
«Жейш әл-Мүхажирин-уәл-Аңсар» (Мүхажирлер мен аңсарлардың әскері) қарулы тобы. Аталған әскери ұйым негізінен Сирияға шетелден келген содырлардан құралған. Жасақ мүшелерінің көпшілігі Ресейдің Солтүстік Кавказ аймағынан барғандар (2013 жылы Қазақстаннан барған азаматтарда аталған тобтың құрамында болуы мүмкін). Топты ұлты шешен жиһадисі Омар аш-Шишани басқарады. Аталған ұйым Сирияда таза исламдық мемлекет құруды мақсат етеді. Негізгі базасы Алеппо аймағында орналасқан сонымен қатар, Хам және Латаки провинцияларында соғыс амалдар жүргізуде.
Жоғарыда аталған ұйымдардың барлығы оппозиция жағындағы қарулы жасақтар. Сирияда Ливандық халықаралық экстремистік ұйым «Хезболла» және Ираннан барған қарулы топтар Б. Асад үкіметін және елдегі шиитік ағымдағы тұрғындарды қорғау және билікті сақтау мақсатында соғысқа қатысуда. Аталған екі жасақта сыртқы елдердің (Иран, Ирак) тапсырмасымен Сирияның ішкі ісіне араласып өздерінің түпкі мақсаттарын көздеп отыр.
Әңгімені тұжырымдайтын болсақ, Ливия мен Сириядағы соғысқа қатысушы діни ұйымдар ислам дінін бүркемелеп бүлк шығарып сыртқы күштердің тапсырмасын мүлтіксіз орындауда. Ливиядағы төңкерістің түп мақсаты мемлекет басшысы М. Каддафиді көзін жойып, елде ұзақ уақытқа созылатын анархия туғызу еді. Ислам қағидаларына сай мемлекет орнатамыз деген экстремистік ұйым мүшелері М. Каддафиді мұсылмандық қағидаға мүлдем жат әрекетпен азаптап өлтіріп, денесін халық алдында бір аптаға жуық ұстады. Қазір Ливияда тайпалар және жоғарыда аталған экстремистік ұйымдардың өздерінің арасында ымырасыз қақтығыстар жүріп жатыр.
Ливияда соғыс сценариясының бірінші кезеңі аяқталып екінші бөлімі
басталды. Ол бойынша Ливияны өз ішінде тағы бірнеше мемлекеттерге бөлу. Батыс елдерінің бөліп алда билей бер деген қағидасына ұқсас.
Ал, Сириядағы жағдай тіпті күрделі. Биліктегі алауиттер мен суниттік мұсылман сириялықтар арасындағы жанжал соғыс. Саясаттың осы әлсіз жерін экстремистік топтар өздерінің мақсаттарына пайдаланып сириялықтарды бірін-біріне қарсы соғыстыруда. Қазір президент Б. Асад көтерілісшілердің негізгі ошақтарын жойды. Алайда, оппозицияға шекара арқылы қосымша күштер қосылып, қару-жарақтар әкелінуде. Бұл қанды қақтығыс әліде созылуы мүмкін.
Қолданылған материалдар тізімі:
- Ибрахим Миншавий, «الصراعيحتدم: مأزق الجماعات المسلحة فى ليبيا»
(Қақтығыстың қозуы: Ливиядағы қарулы жамағаттардың арасындағы дағдарыстар), Аrab center for research and studies, (http://www.acrseg.org/2390, 8.01.2014)
- Крылов А.В., «Роль религиозного фактора в «арабской весне»»,
Московский государственный институт международных отношений (университет) МИД России;
- Бобохонов Р., «Роль и перспективы радикального ислама после
«арабской весны»», Центр цивилизационных и региональных исследований Института Африки РАН РФ (http://www.centrasia.ru/newsA.php?st=1378474380);
4. Подцероб А.Б., «Арабская весна» или «исламистская осень»?, Институт Ближнего Востока РФ (http://www.iimes.ru/?p=15284);
5. Кто есть кто в сирийской оппозиции, (http://itar-tass.com/info/848044).
28.03.2014 жыл М. Оспанов
