Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ӘЧ-2014: Франция құрамасымен матч алдында Германияның 7 ойыншысы тұмауратып қалды

Футболдан Германия құрамасының 7 ойыншысы Франция құрамасымен ширек финалдық ойындар алдында тұмауратып қалды. Бұл туралы Германия құрама командасының бас бапкері Йоахим Лев мәлім етті.

«Бөлмелердегі салқындатқыштардан және жиі көшіп-қона бергендіктен ойыншыларға суық тиді. Ойынға дейін олар тәуір болады деген үміттеміз», — деді Й.Лев БАҚ-қа берген сұхбатында.

Бразилияда Германия құрамасы футболшыларының денсаулықтары сыр берген. Жаттықтырушының сөзіне қарағанда, сырқаттанып қалғандықтан шабуылшы Лукас Подольски мен Матс Хуммельс Алжир құрамасына қарсы ойынға қатыса алмаған, деп жазады ИТАР-ТАСС.

«Қазір ол ойыншылар сауықты. Бастиан Швайнштайгер, Сами Хедира және Филипп Лам да айығып келеді. Бірақ, Кристоф Крамердің жағдайына алаңдаймын» — деген бапкер өз сөзінде.

Естеріңізге сала кетейік, Франция — Германия матчы 4 шілдеде Рио-де-Жанейро қаласында өтеді.

 
АСТАНА. ҚазАқпарат
 
0
0
210

Осы тақырып бойынша

ӘЧ-2014: Франция құрамасымен матч алдында Германияның 7 ойыншысы тұмауратып қалды - Yvision.kz