Мазмұнға өту

Жаңа

Сембек Жұмағалиевтің үлкен сахнаға жетелеген балалық арманы

.

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші Сембек Жұмағалиевтің шығармашылығына арналады. Өнер иесінің әнге деген әуестігі қай кезден басталады? Үлкен сахнаға шыққан шағынан бүгінге дейінгі өнер жолымен таныс болып, халықтың жүрегінен орын алған әндерінің шығу тарихын бағдарлама барысында ести аласыздар.

1
0
916

Қаржы полициясы Ерлан Арынға қатысты қылмыстық істің тергеуін аяқтады

2014 жылғы 3 шілдеде Қаржы полициясы агенттігі Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ерлан Арынға қатысты қылмыстық істің тергеуін аяқтады.

Ол ақшалай қаражатты ұрлау және аса ірі көлемде пара алу мақсатында облыстық әкімият қызметкерлерінен ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оны басқарған деп айыпталуда.

Бүгінгі таңда айыпталушы мен оның қорғаушыларын қылмыстық іс материалдарымен таныстыру процедурасы жүзеге асырылуда.

Толық ақпарат қылмыстық іс материалдары сотқа жолданғаннан кейін берілетін болады.

0
0
267

Балық аулаушылығының болашағы тауарлы балық шаруашылығын дамытуда

2014 жылдың 4–5 шілдесінде Астанада «Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығы ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрлігімен бірлесіп, Балық шаруашылығы комитетінің облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциялары мен ведомствоға бағынысты кәсіпорындарының басшылары мен қызметкерлері үшін «Биоалуандықты сақтау және аквакультураны дамыту» тақырыбындағы семинар-тренинг өткізді. Іс-шара биоалуандықты сақтау, тауарлы балық шаруашылығын және аквакультураны дамыту саласындағы әлеуетті арттыру мақсатында өткізілді. Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі тұжырымдамасы мен оны іске асыру бойынша 2013–2020 жылдарға арналған жоспарда балық ресурстарын сақтау мен тауарлы балық шаруашылығын дамыту жөніндегі міндеттер қойылған. Оларды орындау мақсатында 2020 жылға дейінгі балық шар…

0
0
481

Атырау — өнер өлкесі

Бір жұма өтті Атырау баурайында, Қоңыржай ыстық ауа райында Көптеген ақпаратты жинастырдық, Осы өлке салт-дәстүрі жайында. Бүгін көрме бізге арнап жасады, Дарын шебер бәрін таныстыра бастады. Нүрсұлтан Қалиев атты жігіт екен, Еңбектері мағынасы асып-тасып барады. Ағашты оюменен өрнектеген, Қаланы бояулармен суреттеген. Көрмен еңбектерін жинастырған Қолы алтын керемет шебер екен. Қазақ халық Ассамблея құрған жылы, Қазақстан егемендік алған жылы Қазағымның жағдайы нашар боп-ты Қиындықтан қиындық бір толыпты. Жасаймын деп Қазақстанның тірлігін, Сақтаймын деп бар халықтың бірлігін Салған одақ жылдар бойы түсірді, Қазақстанның мойнындағы көп жүгін. Қазақ елі өркенденіп, жайнасын, Бірлік пенен сақталуын қоймасын, Тұғырланған ең қастерлі еліміз, Қазақ деген кәусар атын жоймасын! Келесі көріскенш…

0
0
1878

«Қазақтелеком» байланыс саласы ардагерлерін кәсіби мерекемен құттықтады»

Өткен аптада Алматыда Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне арналған телекоммуникация саласы ардагерлері үшін мерекелік іс-шара өтті. Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік аясында компанияда салада еңбек еткен зейнеткерлер үшін Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай мереке ұйымдастыру дәстүрі пайда болған.Демалыстағы байланысшылар үшін бұл бірге жиналатын жылдың ең көп күткен мерекесі болып табылады. Осы жолы дәстүрлі бағдарламадан басқа, «Қазақтелеком» АҚ құрылу және даму жолында қызмет еткен адамдардың сіңірген еңбегі бағаланды. «Екі он жылдықта «Қазақтелеком» еліміздің телекоммуникация нарығының көшбасшы деңгейіне дейін жетті, қызметтің барлық негізгі көрсеткіштері бойынша өз ұстанымын едәуір нығайтты және жоғары деңгейлі техникалық дамуы бар тұрақты дамып келе жатқан ко…

0
0
745

Браконьерлікпен күрес шаралары жөнінде

2014 жылдың 4 шілдесінде Ақтөбе обылысында аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері Айтеке би ауданында жүргізген рейдтік іс-шаралар барысында екі жергілікті тұрғыны отырған УАЗ маркалы автокөлігін тоқтатып, тексерді.Нәтижесінде автокөлік ішінен киіктің жаңа кесілген екі мүйізі, 12 калибрлі аңшы мылтығы, 83 оқ (ірі бытыра), пышақ, ара және дүрбі табылды.Құрықталған адамдар мен олардан тәркіленген айғақты заттар Айтеке би аудандық ІІБ жеткізіліп, тапсырылды.Оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

ҚР ҚОСРМ баспасөз  қызыметі

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/07/104-100/

0
0
385

Қазақстанда алғаш рет экологиялық дәліз құрылды

Қазақстанда жалпы ауданы 2 миллион гектардан артық «Ырғыз-Торғай-Жыланшық» экологиялық дәлізі құрылды. Экологиялық дәліз Ырғыз-Торғай және «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерваттар аумақтарын қамтиды (Қостанай облысы). Бұл аумақтар киіктердің бетпақдалалық популяциясының табиғи өрістеу жолдарын қорғау мен төлдеуін қамтамасыз ету мақсатында байланыстырылып отыр. Экологиялық дәлізді құру барысында далалық экожүйелердің, топырақтың, климаттың жағдайы ескеріліп, киіктерді ғарыш серігінен бақылау мәліметтері қолданды. Ғылыми мәліметтер мен картографиялық материалдардың сараптамалары экологиялық дәліздің аумағын анықтап, белгілеуге мүмкіндік берді. Бұл жұмыс Жаһандық экологиялық қордың, БҰҰ Даму бағдарламасының және ҚР ҚОСРМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің далалық экожүйелерді сақт…

0
0
470

«Астана» шабандозы Винченцо Нибали — Тур де Франс» екінші кезеңінің жеңімпазы

«Астананың» итальяндық шабандозы Винченцо Нибали «Тур же Франс» суперкөпкүндігі екінші кезеңінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Sports.kz.

Екінші орында бельгиялық «BMC Racing Team» шабандозы Грег Ван Авермат, үшінші орында — «Omega Pharma-Quick Step» командасынан поляк Михал Квятковски.

«Тур де Франс»
2-кезең, Йорк — Шеффилд, Ұлыбритания
201 км

1. Винченцо Нибали (Италия, «Астана») — 5:08:36
2. Грег Ван Авермат (Бельгия, «BMC Racing Team») — +0:02
3. Михал Квятковски (Польша, «Omega Pharma-Quick Step»).

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА
0
0
263

Шведова мен Дияс «Уимблдоннан» кейін әлемдік рейтингте жоғары ілгеріледі

«Уимблдонда» сәтті өнер көрсеткен қазақстандық теннисшілер әлемдік рейтингтегі жағдайларын түзеп алды. sports.kz сайтының жазуынша, Қазақстанның бірінші ракеткасы Ярослава Шведова WTA рейтингісінде 52-орынға көтерілді. 53-орында тағы бір қазақстандық Зарина Дияс орналасқан. Галина Воскобоева 107-сатыға құласа, Сесиль Каратанчева 183-орынға дейін төмендеді. Юлия Путинцева (214-орын) мен Камила Керімбаева (303-орын) да рейтингтегі көрсеткіштерін жақсарта алмады. Әлемдік қыздар теннисіндегі көшбасшылардың алғашқы үштігі өзгеріссіз қалды: америкалық Серена Уильямс бірінші, қытайлық На Ли — екінші, румын қызы Симона Халеп — үшінші. Ерлер арасында Андрей Голубев 56-сатыда, ал Михаил Кукушкин 63-ші орынды қанағат тұтуда. Испандық Рафаэль Надаль бірінші орынды сақтап қалды, «Уимблдон-2014» жеңімп…

0
0
129

Алматыда өтетін халықаралық турнир ондаған елдің боксшыларының басын қосады

Алматыда 8-13 шілде аралығында «Президент кубогі» IV халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі. Турнир Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында болады. ҚР Президенті кубогі дәстүрлі түрде бокс державаларының мықты спортшыларын — Олимпиада, Азия, Панамерика ойындарының, әлем, Азия және Еуропа чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін жинайды. Бұл беделді сыйлықты тұрақты түрде Қазақстан ұлттық құрамасы өз қанжығасына байлап келе жатыр. 2006 жылы біздің боксшыларымыз 8 алтын медаль ұтып алды, ал 2010-да 6, 2012-де 7 алтын медальді қоржынға салды. IV турнирге әлемнің 12 елінен (Әзербайжан, Ирак, Куба, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Тәжікстан, Таиланд, Өзбекстан, Украина, Филиппин және Қазақстан) 104 боксшы қатысады. Шетелдік құрамалардың қатынд…

0
0
362