Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қаржы полициясы Ерлан Арынға қатысты қылмыстық істің тергеуін аяқтады

2014 жылғы 3 шілдеде Қаржы полициясы агенттігі Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ерлан Арынға қатысты қылмыстық істің тергеуін аяқтады.

Ол ақшалай қаражатты ұрлау және аса ірі көлемде пара алу мақсатында облыстық әкімият қызметкерлерінен ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оны басқарған деп айыпталуда.

Бүгінгі таңда айыпталушы мен оның қорғаушыларын қылмыстық іс материалдарымен таныстыру процедурасы жүзеге асырылуда.

Толық ақпарат қылмыстық іс материалдары сотқа жолданғаннан кейін берілетін болады.

0
0
258

Осы тақырып бойынша

Қаржы полициясы Ерлан Арынға қатысты қылмыстық істің тергеуін аяқтады - Yvision.kz