Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

«Қазақтелеком» байланыс саласы ардагерлерін кәсіби мерекемен құттықтады»

Өткен аптада Алматыда Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне арналған телекоммуникация саласы ардагерлері үшін мерекелік іс-шара өтті.

Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік аясында компанияда салада еңбек еткен зейнеткерлер үшін Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай мереке ұйымдастыру дәстүрі пайда болған.Демалыстағы байланысшылар үшін бұл бірге жиналатын жылдың ең көп күткен мерекесі болып табылады. Осы жолы дәстүрлі бағдарламадан басқа, «Қазақтелеком» АҚ құрылу және даму жолында қызмет еткен адамдардың сіңірген еңбегі бағаланды.

«Екі он жылдықта «Қазақтелеком» еліміздің телекоммуникация нарығының көшбасшы деңгейіне дейін жетті, қызметтің барлық негізгі көрсеткіштері бойынша өз ұстанымын едәуір нығайтты және жоғары деңгейлі техникалық дамуы бар тұрақты дамып келе жатқан компания беделіне ие болды. Бұл біздің байланыс ардагерлерінің зор еңбегі болып табылады., - деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ Қызметкерлерді басқару және дамыту департаментінің директоры Даляпраз Букетова. – Біз кәсіби шеберлік дәстүрін, кадр әлеуетін сақтап қалдық және компанияға жаңа идеялар мен тәсілдерді енгізетін талантты жастарды тарттық. Сөз жоқ, барлық дәстүрлердің негізі сол уақытта біздің қадірлі ақсақалдармен қаланған, компанияның барлық жетістіктері мен табысы бұл адамдарсыз мүмкін емес еді».

Компания өзінің 9 338 зейнеткерін қолдап отыр, оның 653 – Ұлы Отан соғысы ардагерлері және оларға теңелген тұлғалар.

0
0
729