Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Шведова мен Дияс «Уимблдоннан» кейін әлемдік рейтингте жоғары ілгеріледі

«Уимблдонда» сәтті өнер көрсеткен қазақстандық теннисшілер әлемдік рейтингтегі жағдайларын түзеп алды.

sports.kz сайтының жазуынша, Қазақстанның бірінші ракеткасы Ярослава Шведова WTA рейтингісінде 52-орынға көтерілді. 53-орында тағы бір қазақстандық Зарина Дияс орналасқан. Галина Воскобоева 107-сатыға құласа, Сесиль Каратанчева 183-орынға дейін төмендеді. Юлия Путинцева (214-орын) мен Камила Керімбаева (303-орын) да рейтингтегі көрсеткіштерін жақсарта алмады.

Әлемдік қыздар теннисіндегі көшбасшылардың алғашқы үштігі өзгеріссіз қалды: америкалық Серена Уильямс бірінші, қытайлық На Ли — екінші, румын қызы Симона Халеп — үшінші.

Ерлер арасында Андрей Голубев 56-сатыда, ал Михаил Кукушкин 63-ші орынды қанағат тұтуда. Испандық Рафаэль Надаль бірінші орынды сақтап қалды, «Уимблдон-2014» жеңімпазы Новак Джокович оны өкшелеп келеді, үшінші орында швейцариялық Стэн Вавринка.

 
Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
 
0
0
126

Осы тақырып бойынша

Шведова мен Дияс «Уимблдоннан» кейін әлемдік рейтингте жоғары ілгеріледі - Yvision.kz