Атырау — өнер өлкесі
Бір жұма өтті Атырау баурайында,
Қоңыржай ыстық ауа райында
Көптеген ақпаратты жинастырдық,
Осы өлке салт-дәстүрі жайында.
Бүгін көрме бізге арнап жасады,
Дарын шебер бәрін таныстыра бастады.
Нүрсұлтан Қалиев атты жігіт екен,
Еңбектері мағынасы асып-тасып барады.


Ағашты оюменен өрнектеген,
Қаланы бояулармен суреттеген.
Көрмен еңбектерін жинастырған
Қолы алтын керемет шебер екен.




Қазақ халық Ассамблея құрған жылы,
Қазақстан егемендік алған жылы
Қазағымның жағдайы нашар боп-ты
Қиындықтан қиындық бір толыпты.
Жасаймын деп Қазақстанның тірлігін,
Сақтаймын деп бар халықтың бірлігін
Салған одақ жылдар бойы түсірді,
Қазақстанның мойнындағы көп жүгін.
Қазақ елі өркенденіп, жайнасын,
Бірлік пенен сақталуын қоймасын,
Тұғырланған ең қастерлі еліміз,
Қазақ деген кәусар атын жоймасын!

Келесі көріскенше...
Жазғандар: Апушев Еламан
Камал Нұралы
Редактор: Еслям Мақсат
