Дүниежүзілік банк «САРАТС» жобасының екінші кезеңіне қаржы бөледі
ҚазАқпарат – Бүгін Қызылорда облысы әкімдігінде ҚР Қоршаған орта және су ресурстары вице-министрі Ерлан Нысанбаев, Қызылорда облысы әкімі Қырымбек Көшербаев, Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Сародж Кумар Джа және Халықаралық қаржы корпорациясының Орталық Азия елдері бойынша өңірлік менеджері Моазам Ахмед Меканмен «Қазақстандық мемлекеттік-жеке серіктестік орталығы» АҚ басқарма төрағасы Азамат Ойнаровтың қатысуымен САРАТС жобасының екінші кезеңін жүзеге асырудың алғышарттары талқыланды, – деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен. Дүниежүзілік банк өкілдері қаржы бөлуге дайын екендіктерін жеткізіп, ғасыр жобасының екінші кезеңін жүзеге асыруға ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігімен меморандумға қол қойды. Бүгінде Сыр өңірінің халықаралық ұйы…



