Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ӘЧ-2014: Бразилия құрамасының бас бапкерінің орнын Тите басуы мүмкін

«Коринтианс» футбол клубының бұрынғы бас бапкері Аденор Леонардо Бакки Бразилия құрамасының бас бапкері Луис Фелипе Сколаридің орнын басуы мүмкін, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Ол спорттық ортада Тите деген лақап есімімен танымал.

Айта кетейік, сейсенбі күні Бразилия құрамасы Германия командасынан 1:7 есебімен жеңіліп қалғаннан кейін аталмыш команданың жетекшісі Луис Фелипе Сколари өз болашағына қатысты шешімді әлем чемпионаты аяқталған соң қабылдайтынын жеткізген еді.

Ал бұдан бұрынырақ Бразилия футбол конфедерациясының вице-президенті Делфим Пейшото «Сколари дөрекі қателіктерге жол бергені үшін» ел құрамасынан кетуі тиіс, деген болатын.

АСТАНА. ҚазАқпарат
 
0
0
213

Осы тақырып бойынша

ӘЧ-2014: Бразилия құрамасының бас бапкерінің орнын Тите басуы мүмкін - Yvision.kz