Еуропа лигасы: Келесi кезеңде «Астана» футболшылары Хапоэльге қарсы тұрмақ
Қазақстанның «Астана» футбол клубы бүгiн Еуропа лигасының алғашқы раундында армениялық «Пюник» командасын тiзе бүктiрдi.
«Астана Арена» стадионында өткен матч 2:0 есебiмен аяқталды. Гол авторлары: Бауыржан Жолшиев, Дмитрий Шомко.
Ереванда өткен бiрiншi матчта «Астана» өз қарсыластарын 4:1 есебiмен ойсыратқан болатын. Осылайша, жалпы есеп бойынша — 6:1.
Ендi команда Еуропа лигасының екiншi кезеңiнде Тель-Авивтiң «Хапоэль» клубымен ойнайды.
Автор: Жасұлан Жолдыбаев 

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат

