Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қарттарға қамқорлық қажет

Әрбір елдің ерекше ұлттық қасиеті болады.  Қазақ халқының осы қасиеті қарттарды құрметтеу деп батыл айта аламын. Қарттар - біздің еліміздің алтын діңгегі. Әрбір қарт адамның жеке басында қаншама тарихи оқиғалар жатыр десеңші! Соның бәрін бастан кешіп мойымай бізді осы бақытты заманға жеткізген қарттарды қалай сыйламасқа, сый-құрмет көрсетпеске. Олардың жасаған істері, жүріп өткен жолдары – үлкен ерлік.    Қазіргі өміріміз сол қарттардың арқасында. Себебі олар еш қиындыққа мойымай, халқы үшін соғысты, халқы үшін жанын берді. Сол ерлікті бағалай білу бәріміздің қолымыздан келмейді. Еліміздің басқа елдермен терезесі тең болып отырғаны – алдымен ақылы дария осы қарттардың арқасында. Ал неге мұны біз біле отырып, оларға басқаша көзқараспен қараймыз. Осыған байланысты біраз ойланып көрейікші.

Қазір елімізде 1 млн. 632 зейнеткер тұрады екен. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халқына жыл сайынғы жолдауында әлеуметтік жағдайға қатты көңіл бөліп келеді. Осыған байланысты зейнетақы мөлшері де жыл сайын біршама көбеюде. Әрине, мәселе ақшада не болмаса зейнетақы көлемінің ұлғайғандығында емес, шын жүрекпен оларға істелген қамқорлығымызда. Әйтсе де, қарттар үйінде олардың саны көбейіп барады. Олардың ішінде жалғызбасты жандар, соғыс ардагерлері, өндіріс жағдайын жақсартуға атсалысқан қарттар бар. Өкініштісі республикамызда 20 мың қарттар бар екен. Олар 76 қарт үйінде өмір сүруде. Осы қариялар аулада немерелерін ойнатып, олардың жанында жүрсе ғой. Қарттардың жарым көңілін жадырату қиын емес қой. Мемлекетіміз қарт адамдарға материалдық қанша қолдау жасаса да, оларға бауыр еті – балаларының бір ауыз жылы сөзі жетпей тұрады. Кішкентайымыздан бағып-қағып, тәрбиелеп, білгенін айтып, білмесең үйреткен де – ата-анамыз. Не үшін біз осындай қатігез істерге барамыз. Әлсіз, жетімдерді көрсе көмектесіп, оларды ренжітпеген ата-бабаларымыздан неге үлгі алмаймыз?

Біз – қазақпыз ғой. Ал қазақ халқы үлкенді сыйлауға, әсіресе, қарттарды құрметтеуге  ежелден ерекше көңіл бөлген халық. Жетістіктерге қол жеткізсек те, ата-аналарымыздың ақ батасын алмай істерімізде береке болмайды.  Жетім-жесірін жылатпаған, ата-анасын, қарттарын ренжітпеген ұлы халық қана болашаққа нық қадам басады.

Сәбидің бәрі өмірге бақытты болу үшін жаралады, ал бұл сөз қарттарға да қатысты екенін ұмытпайық. Себебі олар өз балаларын шын жүректен сүйіп, олардың бақытты болуы үшін қолдан келерін аямады. Ендеше, біз де қарттарымыздың жақсылығын ұмытпайық. Қарт болу бізді де күтіп тұр. Қазақтың «Атаңа не істесең, алдына сол келеді» деген сөзін естен шығармауға тырысайықшы.

Қарттар үйіне өз әке-шешесі мен апа-аталарын апару батыс елдерінде таңқаларлық құбылыс емес. Ал қарттар үйі әрине өз үйіңнің жылуын бермейді.

Же­ті­мін жылатпаған, жесірін қаңғыт­па­ған қазақ қазір сол жаққа ақ сақал­ды аталары мен ақ жаулықты ана­ла­рын ойланбастан апарып өткізіп жа­тыр.

Соңғы дерек бойынша, елімізде қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлердің саны 87-ге жеткен екен. Отыз мыңдай адам амалсыздан осы үйлерде тұрып жатыр.

Қарттар үйінің көбеюі – қауіпті құбылыс. Бұлай жалғаса берсе әке-шешені қартайған соң интернатқа апарып өткізе салу жалпылама сипат алып кетуі де мүм­кін. Ал жауып тастауға тағы болмайды. Себе­бі тағдыр тәл­кегіне түскендер үшін бұл интер­наттан басқа барар жер, басар тау жоқ. Көбі жалғыздықтың кесірінен дала­да көму­сіз қалудан қорқады.

Әке-шешені құрметтемеген адам,өзге адамдарды қалай құрметтесін? Сәби кезінен бастап тәрбие берген, тамақтандырған,өсірген адамды соңында қарттар үйіне апару,менің  ойымша өте төмен дәрежелі іс.

Сондықтан да ата-аналарымызға зер салып,алтын уақыттарыңызды бөлуге тырысайық ағайын!

 
1
0
6642

Осы тақырып бойынша

Қарттарға қамқорлық қажет - Yvision.kz