Қарағандылық «Шахтер» Еуропа лигасының екiншi кезеңiне өттi
Виктор Кумыковтың шәкірттері ойын басталысымен-ақ өздерінің басым екендіктерін айқын аңғартты. Всеволод Ермаковтың қақпасын дүркін-дүркін шабуылдаған олар нәтижені сәт санап еселей түсті. Жанкүйерлер күткендей, кеншілер қаласының командасы өз жерінде сырт алаңдағы матчына қарағанда әлдеқайда жоғары ойын өрнегін көрсете білді.
Кездесудің екінші кезеңі басталысымен екі ойыншыны алмастырған армяндықтардың бұл әрекеті еш нәтиже бермеді.
Еске сала кетейiк, Гюмри қаласында өткен алғашқы матч 2:1 есебiмен «Шахтердiң» пайдасына шешiлген болатын.
Қарағандылық команданың келесі қарсыласы «Дифферданж» (Люксембург) — «Атлантас» (Литва) командаларының қай жеңгені болады. «Шахтер» онымен бірінші матчын сырт алаңда 17 шілдеде өткізеді, ал қарымта кездесу 24 шілде күні өз алаңында өтеді.

