Санамызға сызат түсірмей, сәулелі ой салайық...
Шет елдермен терезесі тең болғысы келетін қазақ елі, батыстың техникасымен ғана емес,олардың тұрмыс-тіршілігімен,менталитетімен ұқсағысы келіп жатқандай. Басқа елдердің мағынасыз,тәрбиелік мәні жоқ киноларын біздің халық ауыздарынан сілекейі аққанша көретіні рас. Осы кинолардың адамның сана – сезіміне әсері қандай зор екенін сіз білесіз бе? Жақында өткізілген зерттелулерге қарағанда,кино адамның ойлау тұрғысына,өмірге деген көзқарасына және психологиясына әсер етеді екен.Ересек адамдарға қарағанда киноның балаларға,жасөспірімдерге әсері мол. Балаларға ешқандай шектеу жоқ,теледидар қоса салып,жас,психикасы толығымен жетілмеген баланың миына сан-алуан мағлұматтар кіреді. «Көк жәшіктен» жөні дұрыс,пайдалы заттарды табу қиын. Қай арнаны қоссаңыз да,барлық жерде ұрыс-керіс,қастандық,қаталдық,ө…