Санамызға сызат түсірмей, сәулелі ой салайық...
Шет елдермен терезесі тең болғысы келетін қазақ елі, батыстың техникасымен ғана емес,олардың тұрмыс-тіршілігімен,менталитетімен ұқсағысы келіп жатқандай. Басқа елдердің мағынасыз,тәрбиелік мәні жоқ киноларын біздің халық ауыздарынан сілекейі аққанша көретіні рас. Осы кинолардың адамның сана – сезіміне әсері қандай зор екенін сіз білесіз бе?
Жақында өткізілген зерттелулерге қарағанда,кино адамның ойлау тұрғысына,өмірге деген көзқарасына және психологиясына әсер етеді екен.Ересек адамдарға қарағанда киноның балаларға,жасөспірімдерге әсері мол.
Балаларға ешқандай шектеу жоқ,теледидар қоса салып,жас,психикасы толығымен жетілмеген баланың миына сан-алуан мағлұматтар кіреді. «Көк жәшіктен» жөні дұрыс,пайдалы заттарды табу қиын. Қай арнаны қоссаңыз да,барлық жерде ұрыс-керіс,қастандық,қаталдық,өлім.
Ешқашан фильмдерден қан төгісті көрмеген адам шынайы өмірде тіпті жануардың өлімін көрген кезде есінен танып қалады. Ал күн сайын көз алдында мыңдаған адам өліп жатқанын көрген кісі шын өмірде де қатыгездеу келеді.Қазіргі кезде теледидар жақсы нәрсені жаман қылып, жаман нәрсені жақсы қылып көрсетуге шықты.
Теледидар – спирттік ішімдік ішіп, темекі тартуға итермелейтін ең басты себептер. Теледидардан темекі тартқан кісіні көрсеткен кезде оны құлпынай шырынын ішкендей етіп көрсетеді, рахаттанып тұрып тартқан кезде адам өзі де тартқысы келіп кетеді.
Заманның бұзылып бара жатқаны соншалықты,тіпті балалардың көретін мультфильмдерінің өзінен жақсы зат таба алмайсыз.
Мысалға балаларымыздың сүйіп көретін «Никэлодион/Nickelodeon» арнасын алайық.Бұл арнада көбінесе мультфильмдер мен жастарға арналған сериал көрсетеді. Соның ішіндегі ең атақты мультфильм - «Спанч-Боб» балаға не үйретеді,осыны талдайық.Басты кейіпкер Спанч-Боб өмірге деген көз қарасы жеңіл,шешімдерді ойламастықтан қабылдауы адамды жақсыға үйретуі мүмкін емес. Ал оның досы- теңіз жұлдызы Патриктің,еріншектігі,ашқарақтылығы,өмірдегі бар нәрсені жек көретін Сквидард және өмірінің мәнін ақша санайтын Мистер Крабс...осы кейіпкерлердің бәрі бізге не үйретеді?Дүние жүзінде миллиондаған жан-күйері бар мультиктің пайдасы жоқ,керісінше зияны көбірек деп кім ойлаған?
Әсіресе XXI ғасырда ғаламтордың пайда болуымен адамзатқа қалаған киносын көруге мүмкіндігі ашылды. Бұл қанша жақсы көрінгенімен де теріс жағы да бар. Өйткені кинолардың бәрі пайдалы деп айту қазіргі уақытта өте қиын.Жастардың көп уақытын ғаламторда өтізуі олардың денсаулығына ғана емес психикаларына да зияны жоғары.
Біздің халық түрік сериалы десе ішкен асын жерге қояды.Жыл он екі ай арнамыздан шықпайтын сериалды тастамай көретін жұртымыз,сериалдағы кейіпкерлердің аттарын жаңа туылған нәрестелеріне коя бастапты.Сулейман,Дениз және Хатидже есімдері біздің елде аса үлкен танымалдылыққа ие бола бастады.
РАГС қызмет орталығының маманы Ардақ Санжарованың айтуынша:«Ата-ананың нәрестеге ат қоюуы көбінесе олардың дінге деген көзқарастарына немесе олардың сүйіп көретін сериалдардың кейіпкерлеріне байланысты екен»
Біздің соншама құштарлықпен көретін жат елдің сериалы бізге не үйретеді?Осы тақырыпқа ойлану керек сияқты.Жоғарыда айтқанымыздай, балалардың мағлұматты қабылдау қасиеттері жоғары,сондықтан оларды керек емес,зиян мағлұматтан сақтау әрбір ата-ананың міндеті.
Қайткенмен де,соңғы жылдары Қазақстанның теле-арнасында пайдалы бағдармалар көбейіп бара жатыр. Ізгілікке пен тура жолға шақыратын «Асыл арна», қазақша мультфильмдер мен балаларға арналған пайдалы бағдармалар көрсететін «Балапан»,халықты ағартумен айналасатын «Білім» теле-каналдары адамның миын уламай,тек санамыздың дамуымен айналасады.Жылдан жылға елімізде пайдалы арналарың көбеюін тілейміз.
Өзімнің замандастарыма айтарым: күні бойы «көк жәшіктің» алдында өткізбей,алтын уақытты бағалап, кері емес,тек сіздің дамуыңызға алып баратын заттармен айналысайық!
