ӘЧ-2014 үздік шабуылшысы Хамес Родригес «Реал» ФК сапында ойын көрсетпек
«Реал» ФК ӘЧ-2014 үздік шабуылшысы Хамес Родригеспен келісімшартқа қол қойғанын хабарлады.
«Монаконың» және футболдан Колумбия құрамасының шабуылдаушысы Хамес Родригес мадридтік «Реалмен» келісімге қол қойды. Бұл туралы испандық клубтың баспасөз қызметінен хабарлады.
Ресми емес деректерге сүйенсек, жуырда Бразилияда өткен әлем чемпионатында алты голымен үздік шабуылшы атанған 23 жасар Хамеске Мадрид клубы €80 млн. жуық қаражат төлеген. Жаңа командада Родригес 10-шы нөмірмен шығады деп күтілуде.
БАҚ деректеріне сүйенсек, Родригестің жалақысы €7 млн. құрайды.
АСТАНА. ҚазАқпарат

