Үшінші іріктеу кезеңінің барлық жұбы белгілі болды: «Ақтөбе» «Стяуамен» ойнайды
Футболдан Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шыққан барлық командалардың қарсыластары белгіленіп, жұпталды. Бұл кезеңнің алғашқы кездесулері 29-30 шілде аралығында өтеді, ал қарымта кездесулері 5-6 тамызға жоспарланып отыр. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан чемпионы — «Ақтөбе» футбол клубы бұған дейін өз алаңында тбилисилiк «Динамо» командасын 3:0 есебiмен тiзе бүктiріп, үшінші кезеңге жолдама алған болатын. Олардың бұл жолғы қарсыласы румыниялық «Стяуа» командасы болып белгіленді. Жұптар: «Карабах» (Азербайжан) — «Зальцбург» (Австрия) «Дебрецен» (Венгрия) — БАТЭ (Беларусь) «Слован» (Словакия) — «Шериф» (Молдавия) «Ольборг» (Дания) — «Динамо» (Загреб, Хорватия) «Легия» (Польша) — «Селтик» (Шотландия) «Ақтобе» (Қазақстан) — «Стяуа» (Румыния) «Марибор» (Словения) — «Маккаби» (Те…
