Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бір күннің ішінде тіркеу есебіне тұру

Жеке кәсіпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы немесе адвокат ретінде есепке тұру енді бір жұмыс күннің ішінде www.egov.kz порталы арқылы болады. Осы электрондық қызметті алу үшін өтініш берушіге электрондық цифрлық қолтаңба қажет.
Жеке кәсіпкер ретінде есепке, әдеттегідей, ҚР Салық комитеті арқылы тұруға болады. Бұл ретте кәсіпкержеті түрлі құжат жинап, мемлекеттік органның шешімін үш күн тосады.
Портал арқылы жеке кәсіпкерлер, нотариустар, жеке сот орындаушылар мен адвокаттар мемлекеттік есепке тұрғандары туралы электрондық куәлікті үйден шықпай-ақ алуға мүмкіндіктері бар. Онлайн-өтінішті жіберсе болғаны, электронды құжат бір жұмыс күн ішінде порталдағы пайдаланушының жеке кабинетіне келеді. Тіркеу жинағын осы жерде, egov.kz порталында төлеуге болады.
Бүгінгі күні осы электрондық қызметті Астана қаласының тұрғындары ғана пайдалана алады. Пилоттық режимді аяқтағаннан кейін қызмет еліміздің барлық өңірлерінде қолжетімді болады. Қызмет бұрын жеке кәсіпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы немесе адвокат ретінде тіркелген өтініш берушілерге қолжетімсіз.
Қызмет туралы нақты ақпаратты "Жеке кәсіпкерді, жеке нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты тіркеу есебі" сілтемесі бойынша, сондай-ақ, 1414 нөмірі бойынша тәулік бойғы call-орталығының мамандарынан білуге болады. Қоңырау шалу барлық Қазақстан бойынша кез келген мобильдік немесе қалалық телефоннан тегін.
0
0
296

Осы тақырып бойынша

Бір күннің ішінде тіркеу есебіне тұру - Yvision.kz