Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жеке қосалқы шаруашылық туралы анықтама – 15 минутта!

Өтініш берушіге онлайн-өтініш толтырып, оны электрондық цифрлік қолтаңбамен бекіту керек. Өтініш жіберілгеннен кейін 15 минут ішінде пайдаланушының жеке кабинетіне жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама түрінде немесе ақпараттың жоқтығы жайлы хабарлама келіп түседі. Жергілікті әкімдіктерде осы қызмет түрін көрсету мерзімі – екі күнге дейін.
Қызмет Еәкімат ақпараттық жүйе негізінде іске асырылып, тегін көрсетіледі. Е-үкімет порталында бұл қызмет «Әлеуметтік қамсыздандыру» тарауының, "Отбасыларға көмек" бөлімінде орналасқан.
Қазіргі уақытта қызмет Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындарына ғана мүмкін. Пилоттық режим аяқталғаннан кейін, жеке қосалқы шаруашылық туралы онлайн анықтаманымемлекеттің барлық аймақ тұрғындары ала алатын болады.
Толығырақ ақпаратты мына сілтеме арқылы, сонымен қатар, тәулік бойы  жұмыс атқаратын call-орталығынан 1414 нөмірі арқылы білуге болады.
Ұялы  немесе қала телефондары арқылы қоңырау шалу Қазақстан бойынша тегін.
0
0
1149

Осы тақырып бойынша

Жеке қосалқы шаруашылық туралы анықтама – 15 минутта! - Yvision.kz