2014ж. бірінші жартыжылдығы бойынша электрондық үкімет порталы арқылы 17 миллионнан астам электрондық қызмет көрсетілді
2014 жылдың 6 айы бойынша Қазақстанның egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы 17,4 млн. жуық электрондық қызмет көрсетілді. Танымал қызметтердің арасында – Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар/ауыртпалықтар туралы анықтасы (2,9 млн. анықтама) және Зейнетақы аударымдары туралы анықтасы (2,4 млн. анықтама) болып табылады. Сонымен қатар үлкен сұранысқа ие үштіктің арасында - Жылжымайтын мүліктің болмауы/болуы туралы анықтамасы, ол қызмет түрін egov арқылы бірінші жартыжылдық бойынша 1,4 млн. рет тұтынған.
Бұдан басқа, азаматтар порталға «Отбасы» санатының қызметтерін алу үшін жиі кіреді. Мысалға, ағымдағы жылы портал пайдаланушылары egov арқылы 100 мыңнан астам рет Баланы балабақшаға кезекке қою қызметін қолданса, 32 жұп Некені тіркеуге электрондық өтініш беру қызметін қолданған.
Портал арқылы өткен электрондық төлемдердің де саны артуда: алғашқы 6 ай бойынша олардың сомасы миллиардқа жақындап 924 млн. теңгені құрады. Өткен жылғы төлемдер бойынша мұндай көрсеткіш тек желтоқсан айында болғанын естеріңізге саламыз. Төлемдердің ең үлкен саны Жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін айыппұл төлеу қызметіне – 372,6 млн.теңге, 314 млн.теңге мемлекеттік баж салығына және 20 млн. теңге ұялы байланыс төлемдеріне келді.
Осы жылдың мамыр айында іске қосылған Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің депозиттік/несиелік шотты толықтыру жаңа электрондық қызметі бойынша 9 млн.теңгеден астам сомаға төлем төленді.
Сонымен қатар, бірінші жартыжылдық бойынша egov.kz-те 727 мың жаңа пайдаланушы тіркелді, олардың 16, 5 мыңы – заңды тұлғалар. Салыстыру үшін, өткен жылдың ұқсас кезеңінде бұл көрсеткіш 480 мың мен сәйкесінше 7,5 мыңды құрады.
Бүгінгі таңда Қазақстанның электрондық үкімет порталында барлығы 570 электрондық қызмет пен интерактивті сервис қолжетімді.
Естеріңізге сала кетсек, 2014 жылдың маусым айында жарияланған электрондық үкімет дамуының деңгейі бойынша Біріккен Ұлттар Үйымының рейтингінде Қазақстан 10 сатыға көтеріліп 193 елдің арасында 28-орынға ие болды. Бұдан басқа республикамызға электрондық үкімет бойынша жаһандық форум өткізуге құқық берілді. Форум 2014 ж. 6-7 қазан аралығында Астанада өтеді.
