«Заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу»
«Заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу» ҚР-ның 1995 жылғы 17 сәуіріндегі №2198 «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы», ҚР-ның 2001 жылғы №142-ІІ «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» және 1996 жылғы 31 мамырдағы №3-І «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңдарына сәйкес жүргізілетіндігін атап өтті.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 Қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік қызмет көрсету стандартына» сүйене отырып жүргізілетіндігін атап өтті.
Тұтынушылар мемлекеттiк қызметтi алу үшiн төмендегідей құжаттарды ұсынады:
1) уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша өтiнiш;
2) жарғы;
3) құрылтай шарты, құрылтайшысы бiр адамнан көп болғанда (қорлар, заңды тұлғалар бiрлестiктерi, мекемелер);
4) заңды тұлғаның уәкiлеттi органының не құрылтайшының заңды тұлға құру туралы шешiмi;
5) тұрған жерiн растайтын құжат;
6) заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе құжат.
Өтiнiшке құрылтайшы немесе құрылтайшы уәкiлдiк берген адам қол қояды. Мемлекет үлестiк қатысатын мемлекеттiк кәсiпорындар, мемлекеттiк мекемелер, шаруашылық серiктестiктер мен акционерлiк қоғамдар (бұдан әрi - мемлекеттiк қатысатын заңды тұлғалар) Мемлекет қатысатын мемлекеттiк кәсiпорындар, мекемелер тiлiмiн ұстаушының белгiсi бар өтiнiш тапсырады.
Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу Қазақстан Респубикасының Әдлет министрлігінің облыстық департаменті жүргізеді.