Мазмұнға өту

Жаңа

Алматыда Халықаралық Kazakhstan Open 2014 гольф-турнирі өткізіледі

Алматыда 2014 жылдың 18-21 қыркүйегі аралығында осымен 10-шы рет Халықаралық Kazakhstan Open 2014 гольф-турнирі өткізіледі. Оған Еуропалық Челлендж турдың рейтингі бойынша Еуропа елдерінен үздік деген 120 спортшы қатысады. «Бұл рейтинг өткен тамыз айының соңында жасалған болатын. Биылғы Халықаралық гольф-турнирдың жүлде қоры 450 мың еуроны құрады. Бұған дейін жүлделер қорының көлемі мұншалықты көп болған емес. Турнир жеңімпазына 60 мың еуродан астам сыйақы табыс етіледі. Екінші орын алған ойыншының жүлдесі 40 мың еуродай болса, үшінші орын алған ойыншы 30 мың еуроға жуық сыйақы алады», — деді өз сөзінде Қазақстанның гольф федерациясының бас хатшысы Константин Лифанов. Қазақстанның атынан бұл турнирге үш гольфшы қатысайын деп отыр. Олар: негізгі ойыншы Александр Вангай және Нұртай Салдаров…

0
0
302

Астанада олимпиада чемпионы Рафаэль Надаль көрнекі матч өткізеді

Астанада 25 қыркүйекте Ұлттық теннис орталығында әлемдік теннисте аты аңызға айналған, заманның ұлы ойыншыларының бірі, Үлкен Шлем ойындарының жеке топтық кезеңдерінің 14 дүркін жеңімпазы, Олимпиада чемпионы Рафаэль Надальдің қатысуымен көрнекі матч өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі. Қазақстанда тұңғыш рет Рафаэль Надаль француз теннисшісі, әлемнің ең мықты ТОП-10-дыққа кіретін Жо-Вильфрида Тсонгаға қарсы көрнекі матч өткізеді. Атақты теннисшілердің сапары тек көрнекі матчпен шектелмейді. Надаль мен Тсонга «Team Kazakhstan» академиясының қазақстандық талантты жас теннисші-тәрбиеленушілеріне мастер-класс өткізіп, Назарбаев Университетінің студенттері мен «Хейлибэри» халықаралық мектебінің оқушыларымен кездесіп, автограф-сессия кезінде өз жанкүйерлерімен әңгімелеседі…

0
0
269

Бүркіттердің жойылып кету қаупін заңнамалық реттеу қажет — Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы

ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан Халықаралық бүркітшілер қауымдастығының (IAF) президенті Адриано Ломбардпен кездесті. Басқосуда Қазақстандағы құсбегілік өнерінің қазіргі жағдайы мен өзекті мәселелері талқыланды. Кездесуге Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының вице-президенті Дәурен Әбдіхамитов, Халықаралық Бүркітшілер қауымдастығының (IAF) вице-президенті Бақыт Қармақбаев пен «Бүркітші» федерациясының атқарушы директоры В.Земблевский қатысты. Бұл жиында еліміздегі қыран құстардың жай-күйі, олардың заң жүзінде қаншалықты қорғалғаны тәрізді түйткілді мәселердің түйіні тарқатылды. Мамандардың айтуынша, елімізден араб елдеріне құстарды заңсыз әкеткен браконьерлік әрекеттер көптеп кездеседі. «Бүркіт — әлемде өте сирек кездесетін құс. Сондықтан олардың жойылы…

0
0
542

Мәскеуде ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті КАЗТРК

Ресей үкіметі бірқатар Батыс мемлекетінен келетін азық-түлікке тыйым салғаны белгілі.

Соның салдарынан 140 миллиондық алып нарықта импорттық тауарлардың орны босап қалды.

Мұндай бос кеңістікті ұтымды пайдалану үшін қазақстандық тауар өндірушілердің алды Мәскеу қаласына барып, өз өнімін емін-еркін сата бастады.

Шараны Қазақстанның Ресейдегі Сауда өкілдігі мен Мәскеу үкіметі бірлесіп қолға алған. Қазақ кәсіпкерлері Ресей нарығын зерттеп, өз өнімін жергілікті жұртқа кеңінен таныстыруда.

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

0
0
436

Кеден құжаты қазақ тіліне көшті

Павлодар облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінде мемлекеттік тілдің мәселесіне әрдайым көңіл бөлініп отырады. Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту үшін департамент тарапынан көптеген маңызды шаралар атқарылады. Атап айтқанда, Тіл туралы Заң талаптарын қалтқысыз орындау, құжаттар айналымының мемлекеттік тілдегі үлесін арттыру департаментте жүйелі жолға қойылған. Мәселен, 2014 жылдың ағымдағы қорытынды­ларын қарайтын болсақ, мемлекеттік тіл­дегі құжат айналымының үлесі 98 пайыз­ға жетті. Бұл бұрынғы жылдармен салыстырғанда едәуір жоғары көрсеткіш. Құжаттарды мемлекеттік тілде ресімдеу, қазақ тіліне аудару сынды жұмыстарды атқару қызметшілерге жүктелген. Олардың сапасын тексеріп, әдістемелік көмектер көрсетіп отыру міндетін сарапшы маман жүзеге асырады. Мекеме қызметкерлері қазақ тіл…

0
0
284

Ауыл шаруашылығы министрі «Байсерке-Агро» орталығына барды

 

Бүгін Ауыл шаруашылығы министрі мен бір топ Мәжіліс депутаты Алматы облысы, Талғар ауданында орналасқан «Байсерке-Агро» ғылыми-өндірістік орталағына барды.

Мал өнімдері мен егін шаруашылығын дөңгелетіп отырған орталық 2002 жылы құрылған.

Қазір мұнда 340 бас асыл тұқымды сиырдан тәулігіне 6 тоннадан астам сүт алынады. Жер жыртып, өнім алып отырған диқандардың да жетістігі мол.

Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ

0
0
615

Қымыз бен шұбат туралы заң керек

Сенаттың жалпы отырысында Қуаныш Айтаханұлы Үкімет басшысының атына депутаттық сауал жолдап, осы мәселені көтерді.
– Қымыз бен шұбат – халқы­мыздың байырғы сусыны. Ға­сыр­лар бойы қасиетті жылқы мен түйе малын асырау, қымыз бен шұбат дайындау жөнінен халқымызда бай тәжірибе қа­лыптасқан. Ұлттық сусын ден­саулыққа аса пайдалы: тубер­кулез, бауыр, асқазан, жүйке және иммундық жүйелердің, жүрек және қан-тамырларының дертіне дауа. Өкінішке қарай, кешегі Кеңес өкіметінің тұсында жылқы мен түйеге, олардан алы­натын өнімге жасалған қия­нат пен солақай саясаттың салда­рынан қымыз бен шұбат өндіру ісі бәсеңдеп, ұмыт бола жаздады, – дейді сенатор Қуаныш Ай­таханұлы. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)
0
0
671

Вице-министр оқулықтан планшетке көшуді қолдайды

Оқулық тапшылығы проблемасын жою үшін толығымен электрондық оқулық форматына көшкен дұрыс. Бүгін Мәжілісте «Ақпараттандыру туралы» заң жобасының таныстырылымы барысында Инвестициялар және даму вице-министрі Асқар Жұмағалиев осындай ұсыныс жасады. Тоқтала кететін жайт, таныстырылым барысында депутат Светлана Романовская еліміздің мектептерінде электрондық оқулықтар енгізу туралы пікірін вице-министрден сұраған. «Мен бұрыннан планшеттер мен электронды оқулықтарға көшудің уақыты келді деп санаймын. Менің кішкене балаларымның өзі мектепке толы чемоданмен барады. Ал оларға мектепте 2-3-ші қабаттарға көтерілуге тура келеді. Тіпті, отырып алып ойланасың, олар қалай көтеріледі? Сондықтан да, мен бұл мәселені әрқашанда қолдаймын. Осыны қашанда ілгерілете бермекпіз», - дейді А. Жұмағалиев. (жалғасы…

0
0
333

Қазақстанның мәдени саясаты тұжырымдамасы Ресейде талқыланды

2014 жылғы 9 және 12 қыркүйек аралығында Санкт-Петербургте «Музейлер және билік» атты Халықаралық конференция өткізілуде. Бірегей отырысқа 31 мемлекеттің 400-ге жуық жетекші мамандары жиналды. Қазақстан атынан Конференцияға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры Андрей Хазбулатов қатысуда. Бұл жайында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Халықаралық конференцияны Музейлердің халықаралық кеңесі (Ресей ИКОМ), Санкт-Петербург қаласының үкіметі, Свердлов облысының үкіметі мен Ресей Федерациясының Президент Әкімшілігінің қолдауымен Ресей, Германия және АҚШ музей қауымдастығы ұйымдастырып отыр. «Музейлер және билік» тақырыбы ұжымдық жұмыс пен жергілікті қауымдастықтар мен келіп қараушылар арасындағы қарым-қатынаст…

0
0
837

Фестиваль единоборств «Денсаулық біздің күшіміз»

В своем Послании народу Казахстана 17 января 2014 года Казахстанский путь – 2050: «Единая цель, единые интересы, единое будущее» Лидер нации призывает общество «вооружиться вечными качествами – усердием, трудолюбием и целеустремленностью, которые помогут нам устоять и принести нашей Родине достойное будущее». При этом нормой жизни государства и нации должны стать дух патриотизма и традиций, дух единства и состязательности. С целью формирования военно-патриотического воспитания у молодежи на центральном стадионе им. Хаджимукана Мунайтпасова состоялся Республиканский фестиваль военно-спортивных единоборств «Денсаулық біздің күшіміз». Главной целью фестиваля является содействие развитию молодёжного военно-патриотического воспитания казахстанцев. Участие в фестивале приняли военно-патриотичес…

2
0
631