Қазақстанның мәдени саясаты тұжырымдамасы Ресейде талқыланды

2014 жылғы 9 және 12 қыркүйек аралығында Санкт-Петербургте «Музейлер және билік» атты Халықаралық конференция өткізілуде. Бірегей отырысқа 31 мемлекеттің 400-ге жуық жетекші мамандары жиналды. Қазақстан атынан Конференцияға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры Андрей Хазбулатов қатысуда. Бұл жайында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Халықаралық конференцияны Музейлердің халықаралық кеңесі (Ресей ИКОМ), Санкт-Петербург қаласының үкіметі, Свердлов облысының үкіметі мен Ресей Федерациясының Президент Әкімшілігінің қолдауымен Ресей, Германия және АҚШ музей қауымдастығы ұйымдастырып отыр.
«Музейлер және билік» тақырыбы ұжымдық жұмыс пен жергілікті қауымдастықтар мен келіп қараушылар арасындағы қарым-қатынастардан мәдениеттің жергілікті және халықаралық деңгейдегі мәдени және қаржы саясатына ететін ықпалына дейінгі кең ауқымды мәселелерді біріктіреді. (жалғасын оқу үшін мынаны бас: mtdi.kz)
