Қымыз бен шұбат туралы заң керек

Сенаттың жалпы отырысында Қуаныш Айтаханұлы Үкімет басшысының атына депутаттық сауал жолдап, осы мәселені көтерді.
– Қымыз бен шұбат – халқымыздың байырғы сусыны. Ғасырлар бойы қасиетті жылқы мен түйе малын асырау, қымыз бен шұбат дайындау жөнінен халқымызда бай тәжірибе қалыптасқан. Ұлттық сусын денсаулыққа аса пайдалы: туберкулез, бауыр, асқазан, жүйке және иммундық жүйелердің, жүрек және қан-тамырларының дертіне дауа. Өкінішке қарай, кешегі Кеңес өкіметінің тұсында жылқы мен түйеге, олардан алынатын өнімге жасалған қиянат пен солақай саясаттың салдарынан қымыз бен шұбат өндіру ісі бәсеңдеп, ұмыт бола жаздады, – дейді сенатор Қуаныш Айтаханұлы. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)