Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Вице-министр оқулықтан планшетке көшуді қолдайды

Оқулық тапшылығы проблемасын жою үшін толығымен электрондық оқулық форматына көшкен дұрыс. Бүгін Мәжілісте «Ақпараттандыру туралы» заң жобасының таныстырылымы барысында Инвестициялар және даму вице-министрі Асқар Жұмағалиев осындай ұсыныс жасады.
Тоқтала кететін жайт, таныстырылым барысында депутат Светлана Романовская еліміздің мектептерінде электрондық оқулықтар енгізу туралы пікірін вице-министрден сұраған. «Мен бұрыннан планшеттер мен электронды оқулықтарға көшудің уақыты келді деп санаймын. Менің кішкене балаларымның өзі мектепке толы чемоданмен барады. Ал оларға мектепте 2-3-ші қабаттарға көтерілуге тура келеді. Тіпті, отырып алып ойланасың, олар қалай көтеріледі? Сондықтан да, мен бұл мәселені әрқашанда қолдаймын. Осыны қашанда ілгерілете бермекпіз», - дейді А. Жұмағалиев. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

 
0
0
324

Осы тақырып бойынша

Вице-министр оқулықтан планшетке көшуді қолдайды - Yvision.kz