Бүркіттердің жойылып кету қаупін заңнамалық реттеу қажет — Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы
Кездесуге Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының вице-президенті Дәурен Әбдіхамитов, Халықаралық Бүркітшілер қауымдастығының (IAF) вице-президенті Бақыт Қармақбаев пен «Бүркітші» федерациясының атқарушы директоры В.Земблевский қатысты.
Бұл жиында еліміздегі қыран құстардың жай-күйі, олардың заң жүзінде қаншалықты қорғалғаны тәрізді түйткілді мәселердің түйіні тарқатылды. Мамандардың айтуынша, елімізден араб елдеріне құстарды заңсыз әкеткен браконьерлік әрекеттер көптеп кездеседі.
«Бүркіт — әлемде өте сирек кездесетін құс. Сондықтан олардың жойылып кету қауіпін заңнамалық тұрғыда реттегеніміз абзал», — дейді Б.Тілеухан.
Қауымдастыққа табиғатты қорғау бойынша мемлекеттік құрылымдары мен зоологиялық институттармен бірлесіп жұмыс атқару бойынша міндеттер жүктелді.
Осы мәселеге байланысты тараптар биыл қазан айына Алматы қаласында халықаралық конференция ұйымдастыруға келісті. Ұйымдастырушылар онда шетелдік құсбегілер, ғалымдар және мамандармен бірге әлемдегі ең озық тәжірибелер мен құстарды қорғаудың заңнамалық үлгісін дайындауға және басқа да көптеген сұрақтардың басын ашатынына сенімді.
Мәртебелі мейман ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы президентінің Астанаға арнайы шақыртуымен келген. Адриано Ломбардтың бұл Орталық Азияға алғашқы сапары екен.
Кездесу соңында қауымдастықтың құрметті қонағы құсбегілік өнердің еліміздің аумағынан, яғни біздің ата-бабаларымыздан тарағанын жеткізді. Сондай-ақ екі тарап құсбегілік өнердің насихатталуында тізе қоса жұмыс атқаруға уағдаласты, деп хабарлайды ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығынан.

